Жаңалықтар
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті өңірлік форумда баяндама жасады
- Қаралды: 13
«Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасының доценті П.С. Султанбекова қала әкімдігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі өткізетін өңірлік форумда «Түркістан облысындағы су тапшылығы проблемалары» тақырыбында баяндама жасады.
Парида Сұлтанбекова өз баяндамасында Түркістан облысы ауыз су тапшылығы жоғары өңір болып табылатынын атап өтті. Өңірдегі 807 елді мекеннің 70-інде орталықтандырылған су құбыры жоқ. 2025 жылы орталықтандырылған су құбырына 40 елді мекенді қосу жоспарланған. Жалпы өңірде сумен жабдықтау бойынша 100-ге жуық жоба іске асырылуда.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жанысбекова аталған форумның мақсаты қоғамда үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, рухани құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылау болып табылатынын атап өтті.






