Аграрлық факультетте «Auezov University - 2026» халықаралық қысқы мектебі ашылды

2026 жылғы 12 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетте «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Аграрлық сектордағы және ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект» тақырыбындағы халықаралық қысқы мектеп өз жұмысын бастады.

Пленарлық отырысты кіріспе сөзімен Аграрлық факультеттің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰАҒА корр.-мүшесі Г.Р. Тастанбекова ашты. Өз сөзінде Гүлнәр Рахымбердіқызы Халықаралық қысқы мектептің барлық қатысушылары мен қонақтарына алғысын білдіріп, жемісті және нәтижелі жұмыс тіледі. Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - Қ.А.Тимирязев атындағы МАША техника ғылымдарының докторы, профессор Виктор Иванович Балабанов; ветеринария ғылымдарының кандидаты, Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар институтының доценті Арслан Баймұратұлы Жұмамұратов; биология ғылымдарының докторы, профессор, РФ кәсіби білім берудің құрметті қызметкері және ҚХР құрметті профессоры Мазиров Михаил Арнольдович Ресей мемлекеттік аграрлық университетінен - Қ.А.Тимирязев атындағы МАША; ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Тутқышбай Ибрагим Әскерұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Абдраимов Жеңіс Сайфоллаұлы және доценті Джарболов Нұриддин М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен құттықтау сөздер сөйледі.

Еске салайық, Халықаралық қысқы мектеп 2026 жылғы 12-23 қаңтар аралығында онлайн-форматта өтеді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.