Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің Аналар кеңесінің мүшелері онлайн отырысқа қатысты
- Қаралды: 2
2025 жылғы 5 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің комитеттер құру мәселелері жөніндегі аналар кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында келесі комитеттерді құру туралы шешім қабылданды:
1. Зорлық-зомбылық, буллингтің алдын алу бойынша комитет.
2. Нашақорлықтың алдын алу бойынша комитет.
3. Құмар ойындар / лудоманияның алдын алу бойынша комитет.
4. Вандализмнің алдын алу бойынша комитет.
5. Ысырапшылдықтың алдын алу бойынша комитет.
6. Қыздар тұлғасын Толық адам тұрғысынан қалыптастыруға ықпалдасу комитеті.
Аналар кеңесі мүшелерінің шешімімен Аграрлық факультеттің деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰАҒА корреспондент-мүшесі Г.Р. Тастанбекова Қыздар тұлғасын Толық адам тұрғысынан қалыптастыруға ықпалдасу жөніндегі комитеттің төрайымы болып сайланды.
Аталған комитеттер қалалық және республикалық Аналар кеңесінің үлгілеріне негізделген. Бұл комитеттерді құру университеттің осы жоғары құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін арттырады және біздің жұмысымызды жүйелендіреді.




