Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің студенттері «Жас талант-2025» байқауында жүлделі орындарға ие болды
- Қаралды: 2
2025 жылғы 3 желтоқсанда Аграрлық факультеттің студенттері Университеттің шығармашылық мамандықтар орталығы ұйымдастырған дәстүрлі «Жас талант-2025» факультетаралық конкурсына қатысты.
«Эстрадалық ән» жанрында АП-24-8кc тобының студенті Мұратбаев Әбдірәсіл «Менің елім» әнін орындағаны үшін екінші орынға ие болды, «Би өнері» жанрында бас жүлде АП-24-9к тобының студенті Маханбет Маликаға «Money Money» үнді биін орындағаны үшін табысталды.






