Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің студенті хирургиялық пәндер бойынша III халықаралық олимпиадаға қатысты
- Қаралды: 13
Аграрлық факультеттің «Ветеринарлық медицина» кафедрасының АП-23-8к1 тобының студенті М.С. Қамбарбек «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ұйымдастырған хирургиялық пәндер бойынша III халықаралық олимпиадаға қатысты.
Мейіржан Қамбарбек ғылыми жетекшісі Құдратолла Шатмановпен бірге «Жануарлардың қатерлі ісіктеріне қарсы емдік сарысуды әзірлеу және қолдану» атты старт-ап жобасын ұсынды.
Аталған іс-шараның мақсаты әлемнің түкпір-түкпірінен жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін тұғырнама орнату, жас зерттеушілерді мазалайтын өзекті мәселелерді талқылау және жастар арасында ғылыми білімді таратуға ықпал ету болып табылады.





