Аграрлық факультеттің ғалымдары Самарқандта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

2025 жылғы 19 қыркүйекте «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Жылқыбаев және Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, кафедра профессоры Ж.А.Паржанов Қаракөл шаруашылығы және шөл экологиясы ғылыми-зерттеу институтының 95 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Кіріспе сөзінде Жәнібек Паржанов Институттың қаракөл қойларын селекциялау, генетика және өсіру, өндіріс технологиясын жетілдіру, құнды кадрларды тәрбиелеу бойынша орасан зор жұмыс жүргізіп отырғанын, сондай-ақ жайылымдық өсімдіктердің сұрыптарын жасау арқылы шөл жайылымдық мал шаруашылығының экологиялық проблемаларын зерттеумен айналысатынын атап өтті.

Конференция жұмысы екі секция бойынша өтті:

- Шөлейт мал шаруашылығының, азықтандырудың, өнім өндірудің селекциялық-генетикалық мәселелерін шешу және өзекті проблемалар.

- Шөлді азықтық өсімдіктерді интродукциялау, селекциялау және тұқым шаруашылығы, жайылымдар экологиясы, фитомелиорация мәселелерін шешу және өзекті проблемалар


Күнтізбе

Қазан 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.