Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің түлектері дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесіне қатысты
- Қаралды: 8
2025 жылғы 28 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Жас маман-2025» дәстүрлі бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында Сейдазимов Бақытжан, «Елнұр-Айдар» АӨК директоры; Серік Нархат, «Қазагроном» ЖШС директоры; Қансейтов Тағай, «Каусар» ШҚ жетекшісі; Аманбеков Ерлан, ҚР АШМ ЖҚжКБК Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының м.а.; Болатбеков Арман, «Водоканал-5С» ЖШС директоры; Қуанышбаев Болат, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Шымкент қаласы бойынша филиалының жер кадастры басқармасының бастығы түлектерді бос лауазымдарға орналасу тәртібімен таныстырды.
2024-2025 оқу жылында Аграрлық факультетті 269 түлек бітіреді.