Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің студенттері жеңіспен оралды!
- Қаралды: 16
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінің студенттері тағы да бірнеше мамандық бойынша республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанды.
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің базасында республикалық олимпиада өтті, онда «Ветеринарлық медицина» кафедрасын аға оқытушы Алтынбек Қамбаровтың басшылығымен АП-21-8дк3 тобының студенттері: Зиятхан Кенже, Адулла Лаура, Ергебек Шапағат таныстырды. 8 жетекші ЖОО арасында жеке есепте Лаура Абдулла II дәрежелі диплом иегері атанды.
«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша аға оқытушы Ғалымжан Ахилбековтың басшылығымен АП-22-4к тобының студенттері Алтынай Жаналиева, Балнұр Сәдуақасова, Саят Сембек күміс жүлдеге ие болды.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Зерттеу университетінде өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадада Аграрлық факультеттің «Өсімдік және мал шаруашылығы» және «Су ресурстары, жерді пайдалану және агротехника» кафедраларының 3 және 4 курс студенттері білімдерін паш етті.
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша доцент Дәуренбеков Ханибектің басшылығымен АП-22-7к тобының студенттері: Болатбеков Арслан, Көкенбай Қасымжомарт, Сейілхан Еркебұлан; «Топырақтану және агрохимия» АП-21-2к тобының студенттері: Қабыл Сабина, Спан Аруна, Сламбай Сымбат аға оқытушы Батыр Эленораның басшылығымен, «Жерге орналастыру» АП 22-6р тобының студенттері: Абдрашитова Ширин, Дарвашова Эльяна, Сайдығаниев Махсадбек доцент Есімов Есенбек пен «Аграрлық техника және технология» АП-22-3дк тобының студенттері Әбдіқадыр Ернар, Боранбай Нұрсұлтан, Ізбасхан Орынбек PhD Бекзатхан Күлтасовтың басшылығымен ІІІ орынды иеленді
«Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша АП-21-1к тобының студенттері: Әбдугаппарова Амина, Жарылқасын Айшу, Серікбай Әсем аға оқытушы Әбішева Гүлнараның басшылығымен IV орын алды.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!