Аграрлық факультеттің ғалымдары Қарақалпақстанда дәріс оқыды

Қарақалпақстан Ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар институты басшылығының шақыруымен «Ветеринарлық медицина» кафедрасының ғалымдары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Тұтқышбай И.А. және PhD Аккозова А.С. студенттер мен магистранттарға арналған «Жануарлар патологиясы» және «Ихтиология және балық шаруашылығы» тақырыптарында дәріс курстарын өткізді.

Іссапар аясында доцент Ибрагим Тұтқышбай мен PhD Ардақ Ақкөзова да Нукус ветеринарлық медицина техникумының студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға кітапшалар мен буклеттер таратылғаннан кейін ғалымдар кеңес беріп, диалог жүргізді. Университет туралы, мамандықтар туралы, студенттік өмір туралы көруге ұсынылған бейнероликтер көптеген сұрақтар туғызды, оларға құзыретті жауаптар алынды.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.