Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінде кәсіби бағдар беру кездесуі

«Ветеринарлық медицина» кафедрасының доценті, ветеринария ғылымдарының кандидаты И.А.Тұтқышбай Шымкент қаласының Д.Қонаев атындағы жеке меншік жалпы мектебінің 11 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдарлау кездесуін өткізді.

Шара барысында оқушылар М.Әуезов атындағы ОҚУ тарихымен және оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты. Ибрагим Тутқышбай білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері, бітіргеннен кейін алуға болатын біліктіліктер және оқу кезіндегі қосымша мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Іс-шара соңында оқушыларға университет туралы кітапшалар мен ақпараттық буклеттер таратылды. Кездесу оқушылардың қызығушылығын тудырып, өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.