2025 жылғы 6 мамырда сағат 14:00-де 103В аудиторияда докторант Мұса Талғатұлы Құттыбайдың докторлық диссертациясын алдын ала қорғауға арналған, кафедраның кеңейтілген отырысы өткізіледі. Тақырыбы: «Ферроқорытпа өндірісінің қалдықтары негізінде құймалы модификацияланған бетонның эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылату» Ғылыми кеңесшілері: Копжасаров Бахадыр Тастанбекович - техника ғылымдарының профессор, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасының профессоры т.ғ.д., профессор Пухаренко Юрий Владимирович (Россия Федерациясы, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет құрылыс университеті). Рецензенттер: Рысдәулетов Райымберді Аманұлы - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультетінің деканы, профессоры Дүйсенбаева Сәуле Тоқтасынқызы - техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің, «Құрылыс және материалдарды өндіру» кафедрасының доценті, Тараз қ.  


М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Өнеркәсіптік, азаматтық  және жол құрылысы» кафедрасының 8D07320 – «Құрылыс» мамандығы бойынша докторант Ибраимова Ұлжан Бахытжанқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алуға «Магистралды газ құбырлардың көлемді-жылдам қирауын зерттеу және оны алдын алу әдістерін жасау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын талқылау өтетіні туралы хабарлайды.  Баяндама тілі – Қазақ тілі. Диссертация диссертациялық жұмыс түрінде ұсынылған.  Отандық ғылыми жетекші: Жаңабай Н.Ж. - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Сәулет және қала құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Шетелдік ғылыми кеңесші: Аврамов К.В. - техника ғылымдарының докторы, профессор, Украинаның ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, А.Н.Подгорный атындағы Украина ҰҒА-ның машина жасау мәселелері институтының сенімділік және динамикалық беріктік бөлімінің меңгерушісі.  Рецензенттер: 1.Айменов Ж. Т. - М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Жаратылыстану-техникалық ғылымдар ҒЗИ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор. 2.Тошхужаев А.У.  - техника ғылымдарының кандидаты, Ташкент Архитектура - құрылыс университетінің (ТАҚУ) «Гидротехникалық және геотехникалық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.  Талқылау гибридті форматта, онлайн және офлайн, 2024 жылғы 6- мамырда сағат 10:00-да Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы 5, 16 оқу корпусы, №219 аудитория мекенжайы бойынша өтеді.


Күнтізбе

Маусым 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.