2025 жылдың 24 сәуірінде М.Тынышбаев атындағы АЛТ университетінде (Алматы қ.) «Көлік логистикасы» пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Іс-шара көлік процестері мен логистика саласында өз білімдері мен дағдыларын көрсеткен, еліміздің 13 ЖОО үздік студенттердің басын қосты.
Қатысушылар теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау, заманауи логистиканың нақты мәселелерін шешу бойынша сайысқа түсті. Бұл тек алынған білім ғана сынап қоймай, әріптестермен және сала мамандарымен тәжірибе алмасудың да бірегей мүмкіндігі болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің студентіміз – СМ-22-4к1 тобының студенті Абдумаликова Аселя Толгатовна құрметті 3-орынға ие болды, ғылыми жетекшісі – «Көлік, тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Пернебеков Сәкен Сәдібекұлы.
Жеңімпаздарды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз!
Ғылыми жетекшіге студенттерді дайындағаны үшін алғыс айтамыз.
Сіздерге оқу мен еңбек жолында табыстар тілейміз!


Бүгін 02.04.2025ж. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде ғылым айы бойынша үйымдастырылған «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының бастамасымен бас корпустың 350 аудиториясында «Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының негізі» тақырыбында онлайн режимінде Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға өзекті мәселелерді талқылау және озық тәжірибе алмасу үшін Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресейдің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші сарапшылары жиналды.Негізгі баяндамаларды келесі спикерлер жасады:1. Сулайманов Сунатилла Сулайманович, т.ғ.д., профессор (Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Өзбекстан ұлттық университеті)Баяндама тақырыбы: «Өзбекстан темір жол көлігіндегі еңбекті қорғаудың заманауи мәселелері»2. Копытков Владимир Владимирович, т.ғ.к., доцент, подполковник (Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс университеті)Баяндама тақырыбы: «Химиялық қауіпті кәсіпорындарда өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтау («Кронохем» АҚ мысалында)»3. Логачева Екатерина Алексеевна, б.ғ.к., доцент (Н.И.Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университеті)Баяндама тақырыбы: «Қоршаған ортаның ластануының амин қышқылы маркерлері»Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін, экологиялық тәуекелдер мен оларды барынша азайту жолдарын, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы халықаралық тәжірибені талқылады. Трансшекаралық ынтымақтастық пен инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Іс-шара қорытындыларды шығарумен аяқталды, оның барысында сарапшылар жаһандық өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу үшін елдер арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.


2025 жылғы 6 мамырда сағат 14:00-де 103В аудиторияда докторант Мұса Талғатұлы Құттыбайдың докторлық диссертациясын алдын ала қорғауға арналған, кафедраның кеңейтілген отырысы өткізіледі. Тақырыбы: «Ферроқорытпа өндірісінің қалдықтары негізінде құймалы модификацияланған бетонның эксплуатациялық қасиеттерін жоғарылату» Ғылыми кеңесшілері: Копжасаров Бахадыр Тастанбекович - техника ғылымдарының профессор, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасының профессоры т.ғ.д., профессор Пухаренко Юрий Владимирович (Россия Федерациясы, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет құрылыс университеті). Рецензенттер: Рысдәулетов Райымберді Аманұлы - техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу» факультетінің деканы, профессоры Дүйсенбаева Сәуле Тоқтасынқызы - техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің, «Құрылыс және материалдарды өндіру» кафедрасының доценті, Тараз қ.  


Күнтізбе

Маусым 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.