
Азизханова Дидар КаримжанқызыPhD докторы, балетмейтстер-педагог
Мекен-жайы:
М. Әуезов атындағы ОҚУ, Қонаев даңғылы 68/8, №8 ғимарат, 502 каб.
Байланыс телефоны:
8 (7252) 36-71-21
E-mail:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: г. Шымкент, им. М. Ауэзова, корпус № 8, каб.500
Телефон: (8-7252) 36-71-21
Бакалавр – Өнер.
Дайындық бағыты: В028-Хореография, В027-Театр өнері
6В02130-Хореография, 6В02120-Режиссура
Магистратура – Өнертану ғылымдарының магистрі.
Дайындық бағыты: 7031-Хореография, 7М02103-Хореография
Кафедра тарихы:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағының, 44-бабының 2-тармағының, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 138-бабының 2-тармағының және «Білім беру ұйымының жарғысының» 4-бөлігінің 25-тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып: «Мәдениет және өнер» факультетінің құрамында «Хореография» және «Режиссура және актерлік өнер» кафедраларының негізінде «Өнер» кафедрасы жаңа атаумен қайта құрылсын.
1985 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент Педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени-ағарту жұмысының теориясы мен тарихы» кафедрасы Қазақстанда алғаш рет «Хореография» мамандығына талапкерлерді қабылдады. 1989 жылдың қарашасында институттың дербес кафедрасы болды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып кафедраның негізін қалаушы, философия ғылымдарының докторы, профессор, мәдениет қайраткері және Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Сералы Шабайұлы Тілеубаев болды.
2000–2003 жылдар аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, балетмейстер-педагог Ажибекова Зауре Бекембайқызы басқарды.
2003 жылдан бастап кафедраны Халықаралық «Болашақ» стипендиясының түлегі, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2010» атағының иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеубаева Балжан Сейдраманқызы басқарып келеді.
2008 жылы «Режиссура» мамандығы жеке кафедра ретінде құрылып, оның меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхаммедит Марат Мұхаммедиевич тағайындалды.
2015 жылы «Режиссура» және «Хореография» кафедралары біріктіріліп, жаңа «Өнер» кафедрасы болып құрылды. 2025 жылдан бастап кафедраны «Хореография» мамандығының түлегі, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бітірушісі, PhD докторы, балетмейстер-педагог Азизханова Дидар Каримжанқызы басқарып келеді.
6В02130 – «Хореография» мамандығы бойынша «Өнер бакалавры» дәрежесі беріледі.
2017 жылдан бастап білім беру бағдарламасы 7М02103 – «Хореография» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау жүзеге асырылады. Оқу бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттарда 1 жыл, 1,5 жыл және 2 жыл мерзіммен жүргізіледі.
Оқу бағдарламасын аяқтаған түлектерге «Өнертану магистрі» дәрежесі беріледі.
2015 жылы «Хореография» мамандығының 30 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында «Өнер» кафедрасы «Қазіргі заманның өзекті мәселелері: мәдениет, тарих, идеология» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Әлем халықтарының билері» атты халықаралық фестиваль ұйымдастырды. Фестивальге Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақстан республикаларынан келген 20-дан астам би ансамблі қатысты. Іс-шара аясында отандық және шетелдік хореография саласындағы жетекші мамандардың шеберлік сабақтары (мастер-класстар) өткізілді. Фестиваль «Хореография» кафедрасының 30 жылдығына арналған гала-концертпен аяқталды. Гала-концертке кафедраның «Қаракөз» студенттік би ансамблі, «Әлем халықтарының билері» фестивалінің лауреаттары және әр жылдары бітірген түлектер қатысты.
II Халықаралық «Әлем халықтарының билері» би байқауы 2019 жылдың сәуір айында кафедраның ұйымдастыруымен II Халықаралық би байқауы – «Әлем халықтарының билері» өтті. Байқау «Қаракөз» би ансамблінің 30 жылдығына, «Халықаралық би күніне» және «Жастар жылына» арналды. Шараға Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ Көкшетау, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Ақтөбе, Алматы қалаларынан келген 6 жастан 25 жасқа дейінгі 65-тен астам би ансамблі қатысты.
Кафедраның көпжылдық шығармашылық қызметі барысында көптеген білікті мамандар даярланды, олар бүгінгі күні тек Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жұмыс істеп жүр. Кафедра түлектері би, актерлік және режиссерлік өнерді насихаттап, дамытады. Олар хореографиялық ансамбльдердің жетекшілері мен балетмейстерлері, театр және кино актерлері, хореография мұғалімдері, мемлекеттік би ансамбльдерінің әртістері, кино студиялары мен мемлекеттік театрлардың режиссерлері, сондай-ақ мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері болып еңбек етеді. Көптеген түлектер республикада және жақын, алыс шетелде
Біздің кафедра Түркістан облысының мәдени өмірі үшін маңызды оқиғалардың бірі – облыстық опера және балет театрының ашылуында ерекше рөл атқарады. «Хореография» мамандығының студенттері мен оқытушылары П. И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» және Дж. Вердидің «Травиата» операларына қатысып, театрдың қалыптасуына өз үлестерін қосты.
«Өнер» кафедрасының студенттері жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарында (НИРС) де белсенділік танытады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша бірқатар студенттер республикалық байқауларда дипломдармен және грамоталармен марапатталды.
«Өнер» кафедрасы 2017–2018 оқу жылының қорытындысы бойынша «М. Әуезов атындағы ОҚМУ үздік кафедрасы» номинациясына ие болды. Кафедраның 5В040900 – «Хореография» және 5В040600 – «Режиссура» білім беру бағдарламалары «Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары–2018» рейтингінде I орын алды.
«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша «Режиссура» мамандығының студенттері Путра Университетінде (Малайзия), Стамбул Мәдениет Университетінде (Түркия), Лодзь университетінде (Польша) білім алды. «Хореография» мамандығының студенттері Хореография мемлекеттік академиясында (Өзбекстан), Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер институтында, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында, Қазақ мемлекеттік әйел педагогикалық университетінде, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Қазақ ұлттық өнер университетінде оқуын жалғастырды.
Кафедра шығармашылық бағытта жыл сайын «Кино-АРТ» халықаралық кинофестивальін өткізеді. Фестивальдің жетекшісі және режиссері – аға оқытушы Жолдасов Еркебұлан Абдуллаевич. Бұл фестивальге Қазақстан мен ТМД жақын елдерінен жас режиссерлер қатысады. Фестивальдің лауреаттары өз жұмыстарын әлемдік кино ареналарында таныстырып, жүлделі орындарға ие болады.
2008 жылдан бастап кафедра жанында «Өркен» жастар театры жұмыс істейді. «Өркен» театры – шығармашылықтың шыңдалатын орны, актер мен режиссер шеберлігін жетілдіретін алаң, жастар сахнада өз даусын тауып, өмірге, энергияға және жаңа идеяларға толы қойылымдар жасайтын орын.
Жыл сайын «Режиссура» және «Хореография» мамандықтарының студенттері Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясында, Алматы қаласында өтетін Республикалық олимпиадаға белсенді қатысады.



