Басып шығару

Механика және машина жасау

+Image

Кафедра меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы

Ибрагимова Зауре Асылбековна

PhD доктор, доцент 

Мекен-жайы: 160012. ЮКО, Шымкент қ., Тәуке-хан даңғылы, 5.
Телефон: 8(7252) 30-05-70
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Жалпы мағлұматтар

1954 жылы Қазақ  химия-технологиялық институтында (қазіргі М.Әуезов атындағы ОҚУ) «Механика» кафедрасы ашылды. Алғаш  оны осы саладағы жетекші маман-ғалым С.У. Үмбеталин меңгерушілік етті.   Кафедраның ары қарайғы дамуы механикалық профильдегі  пәндерді оқитын мамандарды фундаментальды дайындауға  бағытталып, кейіннен бұл кафедра негізінде  кафедраларды әр жылдары Қазақстанға және шет елдерге танымал  ғалымдар басқарды:  «Теориялық механика» -  И.П.  Цай, С.Б Буралхиев, Х.М Датхаев, Н.М, Муталиев, А.Д. Дасибеков;  «Машиналар мен механизмдер теориясы және машина бөлшектері»: А.Ш. Шомаев, М.Ф. Уркумбаев, Ф.Е. Алтынбеков, А.Б. Куланов, Т. Колдасов,  Л.М. Бекжанов, Б.Ф. Уркумбаев, С.Ж. Абдрашев, А.Д. Кадырбеков;  «Материалдар кедергісі», В.А. Колесников, Н.А. Стальнов, Н.И. Лысенко, А.И. Айнабеков, Б.Р. Арапов; «Гидравлика»: Ш.Б. Сугуров,  Б.Д. Шинибаев, А.П. Болгов; «Металлдар технологиясы»:  В.П. Раков,  А.К. Омаров, А. Идирисов,  К.М. Исламкулов; «Құрылыс механикасы және серпімділік теориясы»:  М.К. Кадыров және т.б.

Айтылған кафедралардың өсіп-өркендеуіне   С.Б. Соболева, И.Р. Хакимов, Ж.К. Культурсынов, Т.П. Раимбердиев, М.С. Сарыпбеков, И.Б. Бекмуратов, А Акшабаев, А.Ш. Шарафиев,  М.Д. Шинибаев, Н.А. Айнабеков, З.К. Карабеков, Ф.А. Сайденова, В.О. Дуйсекеев, С.Г. Яковлев, Т.И. Турдалиев сияқты оқытушы-профессорлар өздерінің үлкен үлестерін қосты.

1999 жылы «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі» және «Машина бөлшектері,  машиналар мен механизмдердің теориясы» кафедралары базасында «Қолданбалы механика» кафедрасы құрылып, оны 1999-2005жж. т.ғ.д.,  профессор Дасибеков  А.Д.,  2005-2011жж. т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.басқарды. 2011жылы кафедра екі жаңа – «Механика» және «Машина жасау» кафедралары болып бөлініп, оларға т.ғ.д., профессор Печерский В.Н. және т.ғ.к., доцент  Әбдірашев С.Ж. жетекшілік етті. 

2015 жылдың 28 қыркүйегінде «Механика» және «Машина жасау» кафедралары қайта біріктіріліп, «Механика және машина жасау» кафедрасы болып қайта құрылып, «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің бір құрылымдық бөлімшесі  болып саналады, 2015-2025 жылдар аралығында кафедра меңгеруші ісі қызметін т.ғ.к., доцент Мырзалиев  Д.С. атқарды. Қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі міндетін уақытша PhD доктор, доцент Ибрагимова Зауре Асылбековна атқарады.  

Кафедра фундаменталды, ғылыми-практикалық, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіп, өндірістер мен мекемелерге ақпараттық, консультативтік қызметтер көрсетіп, оқу процесстеріне инновациялық технологияларды енгізіп келеді.

2006 жылы м.Әуезов атындағы  ОҚМУ «Қолданбалы механика» кафедрасы 050712  «Машина жасау» мамандығы  бойынша 4 жыл мерзімде оқитын бакалаврларды дайындайтын   мамандық  ашуға рұқсат алды  (29.06.2006ж., №0008671 лицензиясына қосымша,  №573 бұйрық).   Осы мамандық бойынша бірінші талапкерлерді қабылдау 2007/2008 оқу жылы жүзеге асып,  2011 жылы  бірінші түлектер оқуларын  бітіріп, дипломдарын қорғап шықты.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Механика және машинажасау» кафедрасында қазіргі уақытта 2023-2024 оқу жылында 6В07 – «Инженерлік, өңдеуші және құрылыс салалары» білім беру саласының 6В071 – «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағытының В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат білім алушыларын дайындайды, олар:

6В07120 - Машинажасау;

6В07121 - Машинажасау технологиясы;

6В07124 - Энергетикалық машинажасау  және энергетикалық жүйелер инжирингі.

Ал магистратура бойынша білім алушылар келесі БББ бойынша дайындалады: білім беру саласының коды және жіктелуі - 7M07 «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», дайындық бағыттарының коды – 7M071 – «Инженерия және инженерлік іс», білім беру бағдарламаларының тобы - М103 – «Механика және металл өңдеу», білім беру бағдарламасы 7M07120 – «Машинажасау» (2 жылдық) және жаңадан 7М07123 - «Машина жасаудағы 3D модельдеу» білім беру бағдарламасы ашылды.

 2023 оқу жылында білім беру бағдарламаларының Реестріне  D103 - Механика және металл өңдеу тобына  (PhD) философия докторларын дайындайтын  8D07210 – «Машина жасау» БББ енгізіліп, кафедрада биыл ашылған осы докторантураның күндізгі бөлімінде екі докторант оқып, білім алуда. 

Бітіруші түлектердің кәсіби қызметі объектілері – машина жасаушы өндірістік – технологиялық ұйымдар, ғылыми-зертеу институттары, тәжірибелік-зерттеуші зертханалар, автомобиль жасау және жөндеу ұйымдары, металдар мен қорытпаларды дайындау, өңдеу және әр түрлі жабдықтарды  өткізу (сату) және өндірістік алаңдардағы монтаждау, т.т.с.с.

Бағдарламалардың даму стратегиясы ЖОО стратегиялық жоспарына  сай жасалған және ғылымды қажет ететін ресурстарды пайдалану жағынан тиімді өндіріспен байланысқан. Бітірушілер өтімді машина жасау өнімдерін жасауға бағытталған өндірісті-технологиялық, жобалы-конструкторлық, ұйымдастырушы-басқарушылық, ғылыми-зерттеу салаларына қарай дайындалады.  Бағдарлама жобалаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, тозуға қарсылықты көтеруге және машина жасау бөлшектері мен аппараттардың қайта пайдаланудың технологиялық процестерін математикалық, физикалық,  компьютерлік модельдеуге негізделген.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары орындалу үшін кафедрада мынадай қажетті ресурстар бар:

- жоғары біліктілігі бар профессор-оқытушылар құрамы (2024/2025 оқу жылы): 6 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы,  4 ғылым магистрлері, 1 ғылыми және магистр дәрежелері жоқ оқытушы;

- оқу базасы, оның құрамына 8 оқу аудиториясы, 100 адамдық 4 дәрістік аудитория, электронды ресурстар залы, 2  компьютерлік сынып, 5 мамандандырылған зертхана және жалпы ауданы 1126,89   ш.м. зертханалық шеберханалар;

-  көлемі 500 Мбайт, берілген оқыту бағдарламасы бойынша студенттердің дайындығы үшін қолданылатын электронды әдебиеттер қоры;

- дайындық саласы бойынша мамандандырылған іс-тәжірибе базаларының болуы.

В064 – «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқитын студенттерді жалпы орта  білім базасында, орта арнайы білім базасында және  жоғары кәсіби білім базасында күндізгі және сырттай оқыту формасы бойынша оқыту түріне қарай  2, 3, 4 жылдық мерзімде жеделдетілген, қысқартылған, толық оқыту түрлері қарастырылған. Оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал 2017 жылдан бастап ағылшын тілінде жүргізіледі. Мамандық бойынша оқытудың жалпы технологиясы – кредиттік болып саналады.

Оқу жоспарының барлық пәндері ҚР МБС сәйкес жалпы білім пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП) және профильді пәндер (ПП) циклдеріне топтастырылған. Білім бағдарламасында кредиттерді циклдар арасында бөлінуі келесі сипатта орындалған: барлығы – 131 кредит, ЖБП – 33, ПП – 3.

Білім бағдарламасының оқыту жоспарының міндетті компоненті бойынша мазмұны ҚР МБС талаптарына сай жасалған.

Кафедрадағы барлық білім беру бағдарламалары  ондағы көрсетілген мақсаттарға сәйкестелінген және Қазақстандағы ғылым мен техниканың жетістіктерін, халық шаруашылығының динамикалылығын және баса дамуын қолдану негізінде машина жасау саласындағы мамандарды дайындау бойынша М.Әуезов атындағы ОҚУ-ің миссиясына сәйкес келеді. БББ-да  келтірілген мақсаттары  студенттердің сұраныстары аясында тұжырымдалған және нақтыланған, Дублин дескрипторлары негізінде құралған және мына компетенциялар арқылы сипатталады: ана тілі, шет тілі саласында, , іргелік, математикалық, жаратылыс тану-ғылыми, техникалық, компьютерлік, оқу, әлеуметтік, (тұлға аралық, мәдени аралық, азаматтық), кәсіпкерлік, экономикалық, мәдени дайындық, ғылыми зерттеулер жүргізу, машина жасау саласындағы қосымша және  кәсіби компетенциялар.

Жұмыс берушілердің сұраныстары БББ-ың студенттерге машина жасау саласында берік дайындықты бере алу мүмкіндіктерін  көрсете алатын мақсаттарында нақтыланған, осы дайындық еңбек нарығында ойдағыдай бәсекелестікке апара алады. Білім беру бағдарламаларын жасауда жұмыс берушілер жағынан жергілікті  «Карданвал» АҚ,  «KARLSKRONA LC AB» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС, «Kazmedpribor Holding» ЖШС және т.б. өндіріс орындары өз ұсыныстарын қосты.

Кафедра «KARLSKRONA LC АB LC AB» ЖШС серіктес-кәсіпорнымен бірлесіп,  дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Ол кәсіптік үздіксіз оқытуды регион жерінде дамытуға және өндіріске икемделген кадрларды дайындауға  жағдай жасайды. «Дуальды оқытудың жол картасы» бағдарламасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен қарым-қатынас аясында студенттер осы кәсіпорын базасында стажировкадан өтеді. Жалпы қазіргі уақытта университет бітірген біздің көптеген түлектеріміз аталған кәсіпорында және Оңтүстік өңірінің басқа кәсіпорындарында мамандықтары бойынша қызметтер атқарады. 

Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы

  Кафедраның кадрлық саясаты бакалавриат бойынша 6В07120–«Машинажасау», 6В07125–«Мұнайгазмашинажасау», 6В07124 –«Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды шығаруды қамтамасыз етеді.

 «Механика және машинажасау» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы университеттегі техникалық мамандықтарға   жалпы техникалық қызмет көрсетумен қатар,  6В07120–«Машинажасау», 6В07125–«Мұнайгазмашинажасау»,  6В07124 –«Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі», магистратура бойынша 7М07120 – «Машинажасау», 7М07123 – «Машинажасаудағы 3D модельдеу» және  докторантура бойынша 8D07120 – «Машинажасау» білім беру бағдарламасы бойынша мамандар шығаруды қамтамасыз етеді.  2024/2025 оқу жылы білім беру бағдарламалары  базалық білімі бар, 6 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы, 2 аға оқытушы және 6 оқытушыдан тұратын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген.
 Штаттық кесте бойынша оқытушы-профессорлық құрамының құрастырылуы 100%-ды құрайды. Оқыту бағдарламалары бойынша дәріс беретін ОПҚ мамандыққа сәйкестендірілген, ғылым докторының және кандидатының дәрежесіне, сонымен қатар магистр академиялық дәрежесіне ие. Кафедрада білім алушыларға оқытылатын пәндер бойынша оқытушыларды таңдау немесе алмастыруды қамтамасыз ету үшін білікті ОПҚ құрамынан жеткілікті қоры бар.
 Кафедра өзінің 70 жылдан астам тарихында Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан, сондай-ақ алыс шет ел оқу орындарымен тәжірибе алмасу жұмыстары да жүргізілуде.

 «Механика және машина жасау» кафедрасының докторлары және ғылым кандидаттары магистрлік және РhD докторлық диссертацияларға пікірлер мен рецензиялар жазады, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғауда ресми оппоненттер,  сонымен қатар РhD докторлық диссертациялық Кеңестерінің мүшелері болып табылады.

  Доцент т.ғ.к.  Мырзалиев Д.С., доцент т.ғ.к. Абшенов Х.А. әр жылдары «ЖОО үздік оқытушысы» атақтарын алды. Доцент Мырзалиев Д.С.   2024 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік  академияның  академигі атағына ие болды.
 Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы  ҚР ҒжЖБ ұйымдастырумен өткізілетін конкурстарға ұдайы қатысып отырады.

 ОПҚ орташа жасы - 49 жыл. Құрамның айналысатын ғылыми бағыты кафедраның профиліне сәйкес келеді.

 Барлық штаттық оқытушылар кафедраның бакалавриат мамандықтарын дайындаумен айналысады: дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар өткізеді, СҒЗЖ жетекшілігімен айналысады.

 

+Image
Ибрагимова Зауре Асилбековна
Кафедра меңгерушісі міндетін уақытша атқарушысы
PhD докторы, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 321 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Арапов Батырбек Рахметович
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 325 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Печерский Владимир Николаевич
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 235 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Сейтказенова Казира Камешовна
Техника ғылымдарының докторы, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 325 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Абдрашев Саттар Жусупович
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Байланысмәліметтері:
ғимарат №3 (В), 315 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70

Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы

Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 235 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Токмуратов Абдухалык Маженович
Техника ғылымдарының кандидаты, 
доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 315 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Серікбаев Болатжан Ермаханович
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 235 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Әлібеков Омарбек Бахайұлы
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 325 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Абзалова Диляром Абдурасуловна
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Актаева Улжан Жетибаевна
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Молдағалиев Арман Бердібекұлы
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Абшенов  Хасен Асанбекович         
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Байланыс мәліметтері:
ғимарат 16 , 205 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 21-46-50
Суендыкова Куляйша Байсыновна
Аға оқытушы
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 128 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Аринова Динара Бахберовна
PhD докторы, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Жылқыбаева Салтанат Көбейқызы
доктор PhD, доцент
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Сейтханов Азамат Мухтарович
Аға оқытушы
Байланыс мәліметтері:
ғимарат №3 (В), 333 бөлме,
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Рахымтай Нұрсая Нұрғалиевна
Магистр, аға оқытушы
Байланыс мәліметтері:
Ғимарат №3  (В), 235 бөлме
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Гаражаев Мекенбай Шәмілұлы
Магистр, аға оқытушы
Байланыс мәліметтері:
Ғимарат №3  (В), 333 бөлме
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Туранов Абдураим Амиралиұғли
Магистр, оқытушы
Байланыс мәліметтері:
Ғимарат №3  (В), 235 бөлме
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
Мусабеков Тилеухан Нурланович
Магистр, оқытушы
Байланыс мәліметтері:
Ғимарат №3  (В), 321 бөлме
Жұмыс телефоны: 8(7252) 30-05-70
 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары
    1. Университеттің 2021-2025 жж. перспективті тақырыптық жоспарына сәйкес келесі 2 ғылыми бағдарлама  мен жобалар орындалуда. 

    1. ГБ НИР-21-05-05 «Эксплуатациялық жағдайларын ескере, машиналар мен механизмдердің беріктігі мен ұзақмерзімділігін болжаудың ғылыми-техникалық негіздерін зерттеу және беріктігін арттыру әдістерін әзірлеу», ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Айнабеков А.И., бөлімдерді орындаушылар: т.ғ.д., профессор Арапов Б.Р., т.ғ.д., профессор В.Н. Печерский, т.ғ.д., профессор  Сейтказенова К.К., т.ғ.д., профессор Сулейменов У.С.

    2. ГБ НИР-21-06-05 «Қалыптастыру және бетті беріктендіру процестері негізінде сапа мен ұзақ мерзімділікті арттыру мақсатында машина бөлшектері мен механизмдерін өңдеудің технологиялық процестерін зерттеу».ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Печерский В.Н.

              2022 жылдан бастап ҚР БжҒМ 2022-2025 жж. тапсырысы бойынша келесі гранттық жобаларды қаржыландыруы басталды, тақырыбы:  «Сейсмикалық аудандарда пайдаланылатын мұнайға арналған магистральдық құбырлардың ресурсын арттыру». (Ғылыми жетекшісі:  т.ғ. к., доцент А. Б. Молдағалиев.  Қаржыландырудың жалпы сомасы 49 541 184 теңгені құрайды. 2023 жылға 28,45 млн. теңге.)

             ҒЗЖ нақты қаржыландыру – жалпы «Механика және машинажасау» кафеғдрасы бойынша  - 28,900 мың. тенге (шаруашылық келісім шарт №343/21 ОтауСтрой). 

           Кафедраның ПОҚ құрамының  ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленген жоспар бойынша орындалады, ол 2023 жылы өндіріске енгізілген ҒЗЖ нәтижелері –26 енгізу актілерін құрады. 

            ҒЗЖ нәтижелерін оқу процессіне енгізу бойынша 14 енгізу актілері дайындалды. ПОҚ ҒЗЖ оқу процессіне жеке лекциялар, зертханалық жұмыстар, оқулықтар және оқу құралдары түрінде енгізілді. Профессорлар Арапов Б.Р., Сейтказенова К.К. және доценттер Мырзалиев Д.С., Актаева У.Ж., Абзалова Д.А.,  Молдагалиев А.Б. ғылыми-зерттеу нәтижелері оқу процесстеріне енгізілді.

         Резервуарлардың, құбыр желілерінің және басқа конструкциялардың ұзақ мерзімділігін жорамалдау зерттеулері қорытындылары бойынша беріктікке және ұзақ мерзімділікке есептеулер әдістемелері өндіріске енгізу актілері түрінде жарық көрді, ол өндіріс орындары: ТОО «Завод ремонта машин и механизмов», АО «Карданвал», ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл», ТОО «Эталон», ТОО «Казгеомаш», ТОО «СМ-проект», ТОО «TEKTA Story Service».

  1.     Кафедра ПОҚ құрамынының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, жақын және алыс шет елдік, соның ішінде  Шеффилд, Прага, София, Харьков, Донецк, Алматы, Шымкент және т.б. жерлердегі конференцияларда,  ғылыми жинақтарда, журналдарда  жарық көреді.

       Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ курстық, дипломдық жобаларғамагистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік етеді. ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми-практикалық, студерттік конференциялар еңбектері жинақтарында, «Горный журнал», «Тяжелое машиностроение», «Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі», «Ізденіс»,  «Вестник НИА РК», «Вестник КазГАСА», «ХҚТУ жаршысы» және т.б. басылымдарда жарияланады.

           Кафедрада Харьков политехникалық университетімен (Аврамов К.В., Харьков қ., Украина) және Ташкент ирригация және мелиорация институтымен (Мирсаидов М., Ташкент қ., Өзбекстан) ынтымақтастық туралы келісім-шарттар бар.

  2.      Кафедрада «Машина жасаушы» студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) жұмыс істейді. Үйірмеде білім алушылардың ғылыми бағытта жұмыс істеуіне кафедра базасында орналасқан әр түрлі білдектер, пісіру аппараттары  шеберханалары, пәндер және виртуальды зертханаларда жағдай жасалынған. Студенттердің оқу-зерттеу және ғылыми жұмыстары машина жасау өндірісіндегі технологиялық процесстердің актуальды мәселелеріне, станоктардың құрылымы, кескіш инструменттедің беріктігі мен сенімділігі, машиналар, агрегаттар, машина жасау кәсіпорыны цехтарын жобалау сияқты тақырыптарға арналады. Көптеген СОЗЖ орындау тақырыптары актуальды болып саналады және машина жасау саласындағы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталады. Кафедра облыстағы машина жасау кәсіпорындарымен оқу-зерттеу және өндірістік «Индустриальный синдикат» ЖШС кешен құру туралы келісім-шарттар жасалынған,  ол орындарда студенттер мен магистранттар болашақ кәсіби қызметінің іс жүзіндегі тәжірибесін алуға нақты мүмкіндік ала алады.

Халықаралық қарым-қатынас

 

Кафедра алыс және жақын шетелдердің жырма шақты  жоғары оқу орындарымен білім және ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша тығыз байланыстар орнатқан. Олардың ішінде Ресей (Москва, Челябинск, Санкт-Петербург, Уфа);  Украина (Харьков),  Өзбекстан (Ташкент, Самарканд, Наманган), Франция, Польша (Люблин, Жешув) Германия Федеративтік Республикасы, Малайзия, Австрия сияқты мемлекеттер бар. Академиялық ұтқырлық жетекші шет елдік университеттермен, халықаралық білім  бағдарламалары мен жобаларды іске асыру, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметтерін атқару, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру, оқытушы кадрлармен алмасу және студенттік ұтқырлық дамыту аясында жүргізіледі.

Келісім-шарт жасалған оқу орындарының тізімі:

  1. Ташкент ирригация және мелиорация институты
  2. И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті
  3. Университет Путра, Малайзия
  4. Vilnius Gediminas Technical University
  5. Австрия, Montanuniversitaet Leoben
  6. «Харьков политехникалық институты» Ұлттық Техникалық университеті, Украина
  7. Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты, Ресей
  8. Люблин техникалық институты (меморандум), Польша
  9. Игнатий Лукашевич атындағы техникалық университеті, Польша
  10. Қолданбалы ғылымдар университеті, Эллинсберг, Германия
  11. А.Беруни атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті 
  12. Cамарқанд мемлекеттік архитектурсәует-құрылыс институты
  13. Ташкент темір жол транспорты инженерлері институті
  14. Договор о взаимном сотрудничестве в сфере оказания образовательных услуг с НАО "Университет имени Шакарима города Семей"
  15. Ионды-плазмалық және лазерлік технологиялао институты, Өзбекстан Республикасы ҒА
  16. Уфа мемлекеттік авиациялық техникалық университеті, Ресей
  17. Наманган инженерлік-құрылыс университеті, Өзбекстан

         Мерзімінің аяқталуына байланысты бүгінгі таңда университеттің халықаралық бөлімі осы университеттерімен келісім-шарт мерзімін ұзартады.

         Халықаралық қарым-қатынас орнату және дамыту мақсатында  дәрістер оқытуға шет елдік белгілі ғалымдар, мамандар шақырылады.  Мысалы 2013 жылы техника ғылымдарының докторы, Лоран университетінің (Франция) бірінші профессоры  Мишот  Жерар  Франсис, техника ғылымдарының докторы,  2014 жылы Люблин техникалық университетінің (Польша) профессоры Вуйцик В.Ч., 2015 - 2023 жылдары арасында техника ғылымдарының докторы, Харьков техникалық  университетінің  (Украина) профессоры Аврамов К. В. бакалаврлар мен магистранттарға ғылыми семинарлар өткізді. 2023 жылы қазан және қараша айларында Өзбекстан Республикасының бірнеше жоғары оқу орындарынан (Ташкент, Наманган) профессор-оқытушылар келіп, кафедра студенттеріне дәрістер оқып, оқытушы құрамымен тәжірибе алмасты.

        Кафедрада шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға, консультациялар, семинарлар, коллоквиумдар өткізуге тарту бойынша жұмыстар жалғастырылады. Университет әкімшілігі  Түркиялық жоғары оқу орнынан қауымдастырылған профессор Қажы Абдуллах Ташдемирдің келуін 2024 жылдың мамыр-желтоқсан айларында жоспарлап отыр.Жаңа нарықтық заманда «Машина жасау» мамандығы бойынша шет елдік студенттерді  оқытуға тарту болып табылады. Бұл мақсатта кафедра университеттің халықаралық қарым - қатынас жасау орталығымен бірлесіп осы бағытта  біршама жұмыстар атқаруда.

Кафедра жетістіктері

«Механика және машинажасау» кафедрасы жетістіктері

 «Механика және машинажасау» кафедрасы ұжымы мен білім алушыларының Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлесін қосып, еліміздің өркендеуі мен университетіміздің жоғары сапалық нәтижелелерге қол жеткізуі жолында ауыз толтырып айтарлықтай абыройлы еңбек атқарып келеді.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) ҚР ЖОО мамандықтары білім беру бағдарламаларының «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыты бойынша рейтингісінде біздің университетте оқытылатын бакалавриат бойынша 6В07120 – «Машинажасау» БББ әрдайым жоғары орындардан көрініп келеді, атап айтсақ соңғы 2019 жылы I орынды, ал 6М071200 – «Машинажасау» магистратура БББ 2019 жылы III орынды иеленді.
Кафедра аға оқытушы Жилкибаева С.К. 2020 жылы маусым айында докторлық диссертациясын жоғары деңгейде қорғап, PhD докторы академиялық дәрежесін алды.
Кафедра профессор оқытушылар құрамындағы оқытушылар «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері, атап айтсақ:
  • Дасибеков Әжібек Дасибекұлы – т.ғ.д., профессор – 2009 жылғы «Жоғары оқу орындары үздік оқытушысы» атағының иегері;
  • Абшенов Хасен Асанбекович – т.ғ.к., доцент – 2020 жылғы «Жоғары оқу орындары үздік оқытушысы» атағының иегері;
  • Мырзалиев Дархан Сапарбаевич – т.ғ.к., доцент – 2021 жылғы «Жоғары оқу орындары үздік оқытушысы» атағының иегері.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы соңғы 5 жылда ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Web of Science деректер базасының Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және Scopus базасында CiteScore бойынша жоғары процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 35-тен астам мақалалар жариялаған. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының пайдалы модельге 6 ПАТЕНТІ, ҚР авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге енгізу туралы 40-тан аса куәліктері берілген.
«Механика және машинажасау» кафедрасы БББ студенттері Республикалық студенттер арасындағы конкурстар мен олимпиадаларға да белсенді қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.
2020 жылдың 30-шы қазанында өткен оқушылар мен студенттерге, жас ғалымдар мен жас зерттеушілерге арналған «ЖАСТАР, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» атты VI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жеңімпаздары ММГ-19-13тк тобы студенттері Нұрсұлтан Арайлым мен Сапарбай Нұрсұлтан ғылыми жетекшілері т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Кафедра білім алушылары «Машинажасау» бағыты бойынша жылда өткізілетін «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық конкурсының үздік ғылыми жұмысы» номинациясының жеңімпаздары:
2016ж. – Булегенов А.А., Абилдаев Н.М. – І дәрежелі диплом (жетекшісі т.ғ.д., профессор Печерский В.Н., ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2016ж. – Туранов А. – ІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Сейтказенова К.К. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2016ж. – Жораев С.Н., Куралов А.У. – ІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Абзалова Д.А. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2017ж. – Жораев С.Н., Кулясов Н.А. – ІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Абзалова Д.А. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2017ж. – Куралов А.У., Кульбаев У.А. – ІІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2017ж. – Исаев О.Б., Тойчибаев А.И. – ІІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Печерский В.Н. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2018ж. – Сариев Д.Д,, Тулеубеков Т.Б. – ІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Абзалова Д.А. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2019ж. – Музафаров Г.Д. – ІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі PhD доктор, аға оқытушы Ибрагимова З.А. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2022ж. – Есеркепов Т.А.. – І дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарМТУ, Қарағанды қаласы);
2023ж. – Лес С.Б. – І дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі PhD доктор, доцент Ибрагимова З.А. , М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қаласы);
2023ж. – Кемелбек Р.Е. – ІІІ дәрежелі диплом (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Абзалова Д.А. , М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент қаласы).
«Машинажасау» БББ бойынша Республикалық пәндік ОЛИМПИАДА қорытындысы бойынша кафедра білім алушылары жетістіктері:
27-28.04.2019ж. – Белгібай Қыдырәлі Қабылбекұлы – ІІ дәрежелі диплом (XI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Молдагалиев А.Б. , ҚарҰАУ, Алматы қаласы);
27-28.04.2020ж. – Абилкасим Касымхан Бахидинулы – ІІІ дәрежелі диплом (XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарҰАУ, Алматы қаласы);
22-23.04.2021ж. – Төлен Әмір Сұлтанұлы – ІІ дәрежелі диплом (XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарҰАУ, Алматы қаласы);
22-23.04.2021ж. – Абилкасим Касымхан Бахидинулы – ІІ дәрежелі диплом (XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарҰАУ, Алматы қаласы);
24-25.04.2022ж. – Бадамов Азамат Талгатович – ІІ дәрежелі диплом (XІV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С. , ҚарҰАУ, Алматы қаласы);
27-28.04.2023ж. – Аманжол Аружан Алмасқызы – ІІ дәрежелі диплом (XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА, ғылыми жетекшісі аға оқытушы Сейтханов А.М. , ҚарҰАЗУ, Алматы қаласы).
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА» атты 26-шы университеттік студенттік ғылыми конференцияда (30-31.03.2023ж.) 61 студент 34 баяндама жасады. Секция алқасы шешімі бойынша Сапарбай Н.Е., Арызбай Б.З. - ММГ-19-13тк тобының студенттері 1-ші орын (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С.), ММГ-19-13тк тобының студенттері Нұрсұлтан А., Мамыров Б. 2-ші орын (ғылыми жетекшісі: оқытушы Сейдуллаева О.Б.) ММГ-19-2к тобының студенттері Бадамов А., Кәрімбек Д. 2-ші орын (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Қазтуғанова Г.А.) ММГ-21-2р тобының студенті Божко Н.А., Исмаилов Р.С. 3-ші орын (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Абзалова Д.А.), Есиркепов Т., Абдикахаров М. – ММГ-20-2р тобының студенттері 3-ші орын (ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Молдагалиев А.Б.) иеленді.
2022 жылғы Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі өткізген байқау нәтижесі бойынша кафедра доценті, т.ғ.к. Абшенов Хасен Асанбекович Ғылым саласындағы Мемлекеттік стипендия иегері атанды.
Алдыңғы жылдары кафедрамыз ғылыми потенциалды жоғарылату және жас ғалымдармен жүйелі түрде толықтырылып отыру үшін мақсатты түрде PhD докторантураға Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰҒЗУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не сұраныстар беріп отырған болса, 2023 жылдан бастап кафедра ОПҚ әзірлеген және Реестрге жоғары эксперттік бағалаудан өтіп тіркелген 8D07120 – «Машинажасау» докторантура БББ ашылып, 2023-2024 оқу жылына 2 докторант Усеров А.Б. және Рахымтай Н.Н. оқуға қабылданды.
Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Педагогтар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Жыл үздігі - 2023» Республикалық байқауынабелсене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Үздік жас педагог» номинациясымен Сейдуллаева Орынгүл Бахытқызы марапатталды (№DM-002-08, 2023ж.).
Университетіміздің 80 жылдық мерейтойына орай кафедрамыздың 14 ардагер ұстаздары, профессор-оқытушылары Дасибеков Ә., Әбдірашев С.Ж., Абдалиев М., Арапов Б.Р., Сейтказенова К.К., Ақтаева Ұ.Ж., Суендыкова К.Б., Абзалова Д.А., Токмуратов А.М., Печерский В.Н., Серикбаев Б.Е., Алибеков О.Б., Мырзалиев Д.С., Абшенов Х.А. «МҰХТАР ӘУЕЗОВ» төсбелгісімен марапатталды.
2023 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының №0485 жарғысы негізінде кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлы ҚазҰЖҒА академигі болып сайланды.
2024 жылдың 12-ші ақпан «ҚР ғылым саласының қызметкерлері күніне» арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР ҒжЖБ министрлігінің Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Құрмет Грамотасымен кафедра доценттері, т.ғ.к. Молдағалиев Арман Бердібекұлы мен Абшенов Хасен Асанбекович марапатталса, кафедра профессоры, т.ғ.д. Арапов Батырбек Рахметұлы М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы-ректор м.у.а. Н.Нұрманбетовтың қолынан ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫН алды.
Барлық марапатталушы азаматтарға, кафедра және университет ұжымына, білім алушыларымызға жаңа шығармашылық табыстар мен жаңалықтар, зор денсаулық тілейміз!

СТУДЕНТТЕРІМІЗ XVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Механика және машинажасау» кафедрасының 6В07120 – «Машинажасау» БББ бойынша білім алушы студенттері Лес Серік Бекежанұлы, Құдайберген Бақтыбек Мейрбекұлы (ММГ-20-2к тобы), Сайдибаталұлы Омарбек (ММГ-21-2р тобы) кафедра аға оқытушысы Сейтханов Азамат Мұхтарұлы жетекшілігімен Алматы қаласы Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті ұйымдастыруымен өтіп жатқан XVI Республикалық пәндік олимпиадаға 2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында қатысты. «Машинажасау» БББ бойынша сайысқа түскен олимпиадаға еліміздің ЖОО студенттері қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 6В07120 – «Машинажасау» білім беру бағдарламасы тобында жоғары нәтиже көрсеткені үшін университетіміздің ММГ-20-2к тобы студенті Құдайберген Бақтыбек Мейрбекұлы жеңіске жетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиадағы қатысушы студенттеріміз Лес Серік Бекежанұлына, Құдайберген Бақтыбек Мейрбекұлына, Сайдибаталұлы Омарбекке және жетекшісі Сейтханов Азамат Мұхтарұлына ҚазҰАЗУ Басқарма төрағасы – Ректор А.Күрішбаевтің Алғыс хаты берілді. Қатысушылардың арасынан суырылып шығып, жүлделі орыннан көрінген студентіміз Бақытбек Құдайбергенді жеңісімен құттықтаймыз! Жеңіс құтты болсын!

 
Оқытушылардың біліктілігін арттыру

      «Механика және машинажасау» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының 2022-2023 оқу жылына біліктілікті жоғарылату жоспары бойынша (хаттама №1, 27.08.2022 ж.) жалпы 10 оқытушы біліктілігін жоғарылатты. Олар:

  1. Рахымтай Нурсая Нургаликызы 10.01. - 20.01.2023 ж. мерзімі аралығында «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша ОҚУ-де 72 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 22.01.2023 ж., тіркеу номері № 6229).
  2. Казтуганова Гулсара Алдабергеновна 06.03. - 17.03.2023 ж. мерзімі аралығында «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша ОҚУ-де 72 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 17.03.2023 ж., тіркеу номері № 6548).
  3. Печерский Владимир Николаевич 04.01. - 04.02.2023 ж. мерзімі аралығында «Машинажасау» курсы бойынша«Каzmedpribor Holding» ЖШС-де 120 сағаткөлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 06.02.2023ж., тіркеу номері № 002).
  4. Алибеков Омарбек Бахаевич 09.01. - 03.02.2023 ж.мерзімі аралығында «Машинажасау бұйымдарын жобалау және өндеудің заманауи әдістері»курсы бойынша«Karlsrkrona LS AB» ЖШС-де 120 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты  (сертификат берілген күн: 06.02.2023ж., тіркеу номері № 36).
  5. Аринова Динара Бахберовна 09.01. - 03.02.2023 ж.мерзімі аралығында «Машиналарды жобалау әдістері» курсы бойынша «Karlsrkrona LS AB» ЖШС-де 120 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 06.02.2023ж., тіркеу номері № 37).
  6. Сейтханов Азамат Мухтарович 09.01. - 03.02.2023 ж.мерзімі аралығында «Машинажасау бұйымдарын жобалау және өндеудің заманауи әдістері»курсы бойынша «Karlsrkrona LS AB» ЖШС-де 120 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 06.02.2023ж., тіркеу номері № 38).
  7. Ибрагимова Зауре Асилбековна13.03. по 28.04.2023 ж. мерзімі аралығында«Машинажасауда басқару жүйелері»курсы бойынша «Kaz Ferro Group» ЖШС-де 144 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 04.05.2023 ж., тіркеу номері № 52).
  8. Молдагалиев Арман Бердибекович 09.01. -03.02.2023ж. мерзімі аралығында «CAD/CAМ жүйелеріндебөлшектермен құрастыру бірліктерін 3D-жобалау» курсы бойынша«Kaz Ferro Group»ЖШС-де 120 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 06.02.2023ж., тіркеу номері № 08).
  9. Сейтказенова Казира Камешовна 06.03. по 28.04.2023 ж. мерзімі аралығында «Машинажасау өндірісінің технологиялық процестері»курсы бойынша «Kaz Ferro Group» ЖШС-де 144 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 04.05.2023 ж., тіркеу номері № 53).
  10. Жумалиев Бекалы Бауыржанулы 25.10. -10.12.2022ж. мерзімі аралығында «Машинажасауда компьютерді модельдеу» курсы бойынша«Карданвал»АҚ-да 120 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатты (сертификат берілген күн: 14.12.2022 ж., тіркеу номері № 173).

Сонымен қатар, жаңа талаптарға сай жоспардан тыс кафедраның 4 оқытушысы Шымкент қаласындағы өндірістік мекемелерде біліктілігін жоғарылатты.                                             

 

 

2020-2021 ж.

  • Item 1

2023-2024 ж.

  • Item 1
Кафедра есептері
Кафедра есебі 2019-2020 ж.
Кафедра есебі 2020-2021 ж.
Кафедра есебі 2021-2022 ж.
Кафедра есебі 2022-2023 ж.
Іс-тәжірибе базалары

Оқу және іс-тәжірибе практикасы білім алушылардың университетте жауапты кезеңдерінің бірі болып саналады. Практикадан өту  оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, болашақ машинажасаушы мамандығымен тереңірек танысып, өндіріс жұмыстарын егжей-тегжей зерттеумен айналысады және кәсіби және ұйымдастыру қызметтерін қалыптастыру үшін жүргізеді. Студенттердің оқу және өндірістік практикасы жергілікті , республикалық өндірістерде, ұйымдарда, барлық жеке мекемелерде және университетімізде жүргізіледі және жоғары білікті мамандарды дайындаудың ең маңызды бөлімі болып табылады.  Әр практика түрі бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу процесіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған,.

Қазіргі уақытта практика базалары Түркістан облысы мен Шымкент қаласының–машинажасау, химия, металлургия және т.б., түрлі қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдары болып саналады  және өнеркәсіптің барлық салаларын қамтиды. Кафедра жаңа кәсіпорындармен тәжірибе базаларын жыл сайын арттыра отырып, аймақтың әртүрлі кәсіпорындарымен жеткілікті мөлшерде келісімшарттар жүргізеді. Қала және облыста орналасқан  кәсіпорындарымен М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттердің және магистранттардың оқу, іс-тәжірибе практикаларын өткізу туралы ынтымақтастық  шарттарға қол қойылған және кейбір   машина жасау саласындағы кәсіпорындармен Оқу-ғылыми-өндірістік кешен (ОҒӨК) құру туралы келісім-шарттар да жасалған.

 Білім алушылардың оқу, іс-тәжірибелік практикадан өту орындары: «KARLSKRONALC/АB» ЖШС, «Карданвал» АҚ, «Казмедприбор Холдинг» ЖШС, «Шымкент Эталон» ЖШС, «КазТермоПласт» ЖШС, «Электроаппарат» АҚ,  «Ленгір машина жасау зауыты» АҚ; «СонаСтрой» ЖШС,  «Казгеомаш» ЖШС,  «Индустриальный синдикат» ЖШС,  «QUANTUMCAPITAL» ЖШС, «DanaTrade» ЖШС және «KARLSKRONA LC/АB» ЖШС,  «Карданвал» АҚ  және т.б. өндіріс орындары.

Жұмыс берушілермен ынтымақтастық практикадан өтуге қолайлы жағдай жасауға, өз елінің шеңберінде ғана емес, өткізу нарығын кеңейтуге мүдделі өндірістерде білім беру бағдарламасын іске асыруға, жақын және алыс шетел нарықтарын жаулап алуға, басқа сауда әріптестерімен тең бәсекелесуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, БББ 6В07120 - «Машинажасау», 6В07121 - «Машинажасау технологиясы», 6В07124-«Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелердің инжинирингі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың практикаларын өткізу тиімділігінде үлкен рөл атқарады. ЖШС "KARLSKRONA LC / АВ", АҚ"Карданвал" Шымкент қаласы бойынша бір жағынан, кафедраның ОПҚ болып табылатын, оңтүстік аймақтың барлық кәсіпорындарымен тұрақты байланыста болатын семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады, олардың қатысушылары кафедраның ОПҚ және студенттері болып табылады, онда жұмыс берушілер болашақ түлектерді таңдай алады.

ТОО «Karlskrona LC АB»

TOO «Karlskrona LC АB»
ТОО «KazferroGroup»
ТОО «Medcomfort»
ТОО «Medical Devices»
ТОО «Shymkent Temir»
ТОО «Завод Электроаппарат»
ТОО «КазГеомаш»
ТОО «Шымкентский завод Эталон»

«Механика және машинажасау» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Мырзалиев Д.С жетекшілігімен ММГ-20-2к топ студенттерінің ЖШС « KARLSCRONA LC/AB» кешенінде дипломалды практиканы өту кезеңі

«Механика және машинажасау» кафедрасының PhD, доценті Ибрагимова З.А. жетекшілігімен 6В07120-«Машинажасау» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері өндірістік практиканы «Asia Trafo» ЖШС машинажасау кешенінде өткізді.

«Механика және машинажасау» кафедрасының PhD доценті Аринова Д.Б. жетекшілігімен 6В07124- «Электротехникалық машина жасау және энергетикалық инжинерінгі»  білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің Шымкент қаласында орналасқан «KazFerroGroup» ЖШС өндірістік кешенінде жазғы практикаларын өту кезеңі.

«Механика және машинажасау» кафедрасының аға оқытушысы Қазтуғанова Г.А. жетекшілігімен 6В07120 - «Машинажасау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерінің оқу практикасын өту кезеңі. 

Студенттер ЖШС « KARLSCRONA LC/AB» кешенінде практикадан өту кезеңі

"Механика және машинажасау" кафедрасында студенттердің оқу практикасынан өту кезеңі

Талапкерлерге
Талапкерге арналған буклет
Талапкерге арналған буклет

Механика және машинажасау кафедрасының кәсіби – бағдар беру жұмысын жүргізу үшін 2024 жыл кафедрамызға Шымкент қаласындағы №116 және №103 бекітілді. Осы мектептерге кафедрамыздың оқытушы профессор құрамы барып университет, факультет, кафедрамыздағы оқу бағдарламаларымен және университет тарихымен таныстырып кәсіби – бағдар беру жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар Түркістан облысы мектептерінен 2023-2024 оқу жылына Мақтаарал ауданы берілді. Бұл аудандағы барлық мектепті аралап кәсіби – бағдар беру жұмысын жүргіздік.

Кәсіби – бағдар жұмысы Шымкент қаласындағы және Түркістан облысындағы колледждерде жүргізді атап айтқанда Шымкент Политехникалық колледж және Кентау Көпсалалы колледж. Оқу орыдарынан бітіруші түлектер тізімі алынып оқытушылар жеке жұмыс жасауда. Түлектер университет, кафедра әлеуметтік парақшаларына жазылуда.

Факультеттің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 ақпан күні «Талапкерге бағдар» атты ZOOM платформасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс – шарада Түркістан облысы, Шымкент қаласы  бітіруші оқушылар зумға кіріп университет ПОҚ – на өз сұрақтарына жауап алды.

2023 жылдың 9 сәуір күні «Кәсіптік бағдар беру» орталығы және «Механика жіне мұнайгаз ісі» факультеті ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларын, оқу – зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді. Кафедра оқытушылары басшылары қатысты.

Академиялық ұтқырлық және ПОҚ тағылымдамасы
        2019-2020 оқу жылында студент ММГ-16-2к2 Абдірахым Нұрсұлтан Қайратұлы Люблин техникалық университетінде (Польша) оқыды: № 420 бұйрық 08.08.2019 ж, бүгінгі күнге қажетті құжаттар бар. Ішкі ұтқырлық бойынша ешкім оқыған жоқ. Өткен оқу жылында шетел азаматтарының ішінен ешкім оқыған жоқ.
        2021-2022 оқу жылына арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және білім беру процесінде тәжірибе алмасу мақсатында 15.11. - 29.11.2021 ж. аралығында К. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде онлайн режимінде "Механика және машина жасау"кафедрасының профессорлары мен доценттерімен дәрістер оқылды. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқыған М. Әуезов ОҚМУ ПОҚ тізімі:  т.ғ.д., профессорлар Печерский В. Н., Сейтказенова К. К. және т.ғ.к, доцент Мырзалиев Д. С. 1 қараша мен 28 қараша аралығында Ресей Халықтар Достығы Университеті онлайн форматта "RUDN YOUTH FORUM: Leaders or Eurasia 2021" жас көшбасшылардың халықаралық қысқы мектебін өткізді. Қатысу үшін портфолио жіберу қажет болды, портфолионы бағалау бойынша 40 қатысушы іріктелді. МГМ-20-2 кн тобының магистранты Еркебұлан Прмашов осы байқауда жеңіске жетіп, РУДН-де офлайн аптаға шақыру алды. Оқуды аяқтағаннан кейін ол Ресей Халықтар Достығы университетінің сертификатын алады.
         2021-2022 оқу жылына арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру және білім беру үдерісінде тәжірибе алмасу мақсатында т. ғ.к., доцент Мырзалиев Д. С., т. ғ. д., профессор Печерский В. Н., т. ғ. д., профессор Сейтқазенова К.К. Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінде 15.11. - 29.11.2021 ж. онлайн режимінде дәрістер оқыды. 
Машина жасау мамандығының студенттері осы оқу жылында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлыққа қатыспады.
       2022-2023 оқу жылына арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және тәжірибе алмасу мақсатында Өзбекстан Республикасы Наманган инженерлік-құрылыс институтының профессоры,  т. ғ. д., Байбобоев Набижон Гуламович және кафедра доценті,  PhD Акбаров Шерзод Ботировичпен  17 – 18. 04.2023ж аралығында кездесулер мен әңгімелесулер өткізіп, олар «Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың жай-күйі мен перспективалары»  және «Картоп өсіруді механикаландырудың жағдайы мен болашағы» атты дәрістерді оқыды.
        Кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері осы 2023/2024 оқу жылында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан жоқ.
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
6В07120 - Машинажасау
6В07124 – «Электротехникалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжинирингі»
6В07125 – «Мұнай - газ машинажасау»
Магистратура
7M07120 – Машинажасау
7M07123 - Машинажасаудағы 3D-модельдеу
Доктoрантура
8D07120 – Машинажасау
Біздің түлектер

Біздің түлектер 050712 «Машина жасау» мамандығы бойынша 4 жыл мерзімде оқитын бакалаврларды дайындайтын мамандық бойынша бірінші талапкерлерді қабылдау 2007/2008 оқу жылы жүзеге асып, 2011 жылы бірінші түлектер оқуларын бітіріп, дипломдарын қорғап шықты. Қазіргі уақытта кафедра 6В07120 – Машинажасау, 6В07121 - Машинажасау технологиясы, 6В07124 - Энергетикалық машинажасау және энергетикалық жүйелер инжирингі БББ бойынша бакалаврларды дайындап шығарады. Ал магистратура бойынша білім алушылар 7M07120 – «Машинажасау» (2 жылдық) және 7М07123 - «Машина жасаудағы 3D модельдеу» білім беру бағдарламасыбойынша магистрлерді оқытады. 2023 оқу жылында (PhD) философия докторларын дайындайтын 8D07120 – «Машина жасау» БББ енгізіліп, кафедрада осы докторантураның күндізгі бөлімінде бес докторант оқып, білім алуда.

Алғашқы машина жасау бағыты бойынша университет түлектері:

Енжанов Марат Лесбекұлы
Енжанов Марат Лесбекұлы
Туған күні, айы, жылы: 22 .04. 1992ж Оқыған жылдары (кезеңі): 2010-2014 ж Мамандығы (БББ): 5В07120 «Машинажасау» Жұмыс орны: Бәйдібек аудандық әкімдігі Байланыс деректері: 8702-614-48-92 Жылдар бойынша атқарылған қызметтері: кезеңдері Атқарылған қызметтері 2015 жылдан 2018 жылға дейін Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 2018 жылдан 2022 жылға дейін Аудандық мемлекеттік сатып алушы бойынша бөлімінің басшысы 2023 жылдан бері Құрылыс сәулет және кала құрылыс бөлімінің басшысы
Мансуров Еркін Жүнісұлы
Мансуров Еркін Жүнісұлы
Туған күні, айы, жылы: 2.12.1991 ж Оқыған жылдары (кезеңі): 2010-2014 жж Мамандығы (БББ): 5В07210-Машина жасау Жұмыс орны: «АК Казатомпром» Байланыс деректері: 8702-564-92-52 Жылдар бойынша атқарылған қызметтері: кезеңдері Атқарылған қызметтері 2014 жылдан бері «Хорасан-2» кенорны -материалдық қамтамасыз ету бойынша жетекші маман
Мейрамбеков Дарханбек Пәрімбекұлы
Мейрамбеков Дарханбек Пәрімбекұлы
Туған күні, айы, жылы: 11.04.1992 ж Оқыған жылдары (кезеңі): 2010-2014 жж Мамандығы (БББ): 5В07210-Машина жасау Жұмыс орны: «Созақ ауданының Сызған ауылдық округі әкімі аппараты ММ» Байланыс деректері: 87012929292, 87051347877 Жылдар бойынша атқарылған қызметтері: кезеңдері Атқарылған қызметтері 2015жылдан2016жылға дейін Сызған ауылдық округі әкімі аппараты ММ, «Бас маман жер инспекторы» 2016 жылдан қазіргі таңға дейін Сызған ауылдық округі әкімі аппаратының «Инфраструктура және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жөніндегі бас маман»
Еділхан Оспанов Асарханұлы
Еділхан Оспанов Асарханұлы
Туған күні, айы, жылы: 1 .01 1993ж_ Оқыған жылдары (кезеңі): ОҚМУ _2010-2014 ж Мамандығы (БББ): 5В07120 «Машинажасау Жұмыс орны: ЖШС RIXOS Байланыс деректері: 8707-629-61-95 Жылдар бойынша атқарылған қызметтері: кезеңдері Атқарылған қызметтері 2015_жылдан2020жылға дейін Khadisha RIXOS Супервайзер 2020-жылдан бері Түркістан қ. ЖШС RIXOS -жалпы бөлімнің басшысы
Ынтықбаев Төлеген Нұралыұлы
Ынтықбаев Төлеген Нұралыұлы
Туған күні, айы, жылы: 1 маусым 1992 ж Оқыған жылдары (кезеңі): 2010-2014 ж Мамандығы (БББ): 5В07120 «Машинажасау» Жұмыс орны: ЖШС « Волков геология» Байланыс деректері: 8702-614-48-92 Жылдар бойынша атқарылған қызметтер кезеңдері Атқарылған қызметтері 2015 жылдан 2018 жылға дейін Таразст ЛуговойӘ/Б 03815 қатардағы әскер 2018 жылдан 2023 жылға дейін Түркістан көпсалалы техникалық ММҚК колледжі оқу-шебері 2023 жылдан бері Созақ ЖШС «Волков геология» бұрғылаушы -оператор
Жилкибаев Фарход Эралиевич
Жилкибаев Фарход Эралиевич
Туған күні: 06.12.2000 Оқу кезеңі: 2023–2025 ж. Мамандық (ОП): 7М07123 – Машина жасаудағы 3D модельдеу Жұмыс орны: «KARLSKRONA LC AB» құю және дәнекерлеу өндірісі Байланыс деректері: 87716820968 кезеңдері Атқарылған қызметтері 09.2022–03.2023 Құю және дәнекерлеу өндірісінің инженер-конструкторы 03.2023–03.2025 Құю және дәнекерлеу өндірісінің шебері 03.2025–қазіргі уақытқа дейін Құю және дәнекерлеу өндірісі бастығының міндетін атқарушы орынбасары

Twitter
Twitter
Facebook


Whatsapp
share with Whatsapp
Telegram
share with Telegram
powered by social2s