2025 жылдың 5 желтоқсанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Механика және мұнай-газ ісі» факультетіне жетекші ғалымдар делегациясы жұмыс сапармен келді.

2025 жылдың 5 желтоқсанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Механика және мұнай-газ ісі» факультетіне жетекші ғалымдар делегациясы жұмыс сапармен келді.

2025 жылдың 5 желтоқсанында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Механика және мұнай-газ ісі» факультетінде жетекші ғалымдардан құралған делегацияның жұмыс сапары өтті. Делегация құрамында — профессор, PhD докторы Моханрадж Муругесан (Hindusthan College of Engineering and Technology, Үндістан), Ержан Беляев (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы) және Аманкелді Төлеуханов (Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы) болды.
Қонақтарды факультет деканы О. Байысбай қарсы алып, оқу және ғылыми зертханаларға экскурсия жүргізді: О.С.Балабеков атындағы зертхана, «Конструкциялар, құрылғылар мен үдерістердің мультифизикалық модельдеуі» зертханасы, ИРЛИП «КБМ», академик А.И.Айнабеков атындағы механикалық сынақтар бойынша оқу-зерттеу зертханасы, сондай-ақ «Механизмдер мен машиналар теориясы», «Материалтану және құю үдерістері», «Машина жасау технологиясы», «Конструкциялау негіздері және машиналар бөлшектері» зертханалары мен машина жасау технологиясының оқу-ғылыми шеберханасы.
Сапар аясында профессорлар профессор-оқытушылар құрамына ғылыми жарияланым белсенділігін арттыру және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру тақырыбында қонақ лекция оқыды. Ғалымдар сонымен қатар жылу насостары технологиясы саласындағы өздерінің зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Бұл кездесу академиялық ынтымақтастықты дамытуға және ғылыми тәжірибе алмасуға ықпал етіп, болашақтағы бірлескен жұмыстар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.