Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» тақырыбындағы Шымкент қаласы математиктерінің дәстүрлі республикалық деңгейдегі семинары 2025–2026 оқу жылындағы жұмысын бастады.
- Абжапбаров Абай Акилбекович 8 775 108 20 52
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 17
Бұл тарихи маңызы бар іс-шараға Алматыдан арнайы қонақ болып ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тынысбек Шәріпұлы Кальменов қатысты. Ол — осы семинардың негізін қалаушы әрі «Математика және математикалық модельдеу» институтының өкілі.
Академик Кальменов «Лаплас теңдеуі үшін коэрцитивті шешімділіктің интегралдық түрі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Баяндамада Ньютондық потенциал арқылы Грин функциясының айқындалуы және кері оператордың Соболев кеңістігіндегі айқын түрі туралы маңызды ғылыми тұжырымдар нақты мысалдармен дәйектелді.
Семинар жұмысына университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Е. Иманғалиев, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғ.Бесбаев, семинар жетекшілері ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбі мен ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев, «Техникалық мамандықтар үшін жоғары математика және физика» кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к. Н.М. Утенов, «Математика» кафедрасынының меңгерушісі PhD, аға оқытушы Ш.Алтынбеков, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының мегерушісі ф.-м.ғ.к.,С.Т. Ахметова және профессорлар Т.Р. Аманбаев, Б.Р. Исмайлов, Е. Нысанов, сондай-ақ басқа ЖОО-дан біздің университет түлектері А.В. Роговой, М.Б. Иванова мен ғылыми математика мамандығының докторанттары қатысты. Аталмыш семинар аясында оқу жылының соңына дейін кездесулер ұйымдастырылатын болады.
Айта кету керек, Тынысбек Кальменов – ОҚУ тарихымен тығыз байланысты тұлға. Ол 1991–1996 жылдары оқу орнының ректоры, ал 1996–2004 жылдары кафедра меңгерушісі әрі диссертациялық кеңес төрағасы қызметін атқарған.
powered by social2s