Президент Жолдауы – ел дамуының жаңа бағыты

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын "Стандарттау және сертификаттау" кафедрасы профессор оқытушылар құрамы кафедра отырысында талқылады. 
Президент өз сөзінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, адами капиталды нығайтуға және тиімді мемлекеттік басқаруға қатысты бірқатар маңызды бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігін атап өтті. Бұл қадам ел экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болып табылады. Жолдауда кәсіпкерлікті қолдау, салық-бюджет саясатын жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен қамтылды. Президенттің бұл Жолдауы – елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге арналған нақты стратегиялық бағдар болып табылады.

Кафедра меңгерушісі мен оқытушылар Жолдауда көтерілген басым бағыттарға тоқталып, білім сапасын арттыру, ғылыми жобаларды қолдау және кадр даярлаудың жаңа форматына көшудің маңызын атап өтті.

Жиын қорытындысында кафедра ұжымы Президент ұсынған реформаларды қолдайтынын білдіріп, оларды іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.