
Тәсібеков Хайдар Сүлейменұлы
Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Тәсібеков Хайдар Сүлейменұлы 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1996–2001 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің химия факультетінде «Химиялық өндірістердің негізгі процестері және химиялық кибернетика» мамандығы бойынша оқып, инженер-химик біліктілігін алды. 2003–2006 жылдары 03.00.16 – «Экология» (химия ғылымдары) мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2006–2008 жылдары Қазақстан инженерлік-экономикалық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша оқып, бакалавр академиялық дәрежесін алды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (Associate Professor) ғылыми атағы берілді. 2022 жылы Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, 2025 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.
Еңбек жолы
Еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде бастап, онда көп жыл қызмет атқарды.
- 2001–2003 жылдары университеттің аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасында стажер-зерттеуші болып жұмыс істеді;
- 2003–2006 жылдары университеттің аспирантурасында оқыды;
- 2003–2007 жылдары «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнында ғылыми қызметкер болды;
- 2006–2010 жылдары химия факультетінің аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды;
- 2007–2010 жылдары Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығында аға ғылыми қызметкер болды;
- 2011–2014 жылдары Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығында жетекші ғылыми қызметкер болды;
- 2014–2020 жылдары Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығында бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді;
- 2010 жылы химия факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;
- 2010–2014 жылдары Ғылым және инновациялық қызмет департаментін басқарды;
- 2014–2018 жылдары химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі болды;
- 2018–2021 жылдары химия және химиялық технология факультетінің деканы қызметін атқарды;
- 2021–2022 жылдары «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді;
- 2022–2023 жылдары «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма мүшесі – вице-президенті қызметін атқарды;
- 2023–2026 жылдары «А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Басқарма төрағасы – бас директоры болып жұмыс істеді.
2026 жылдың қазан айынан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры болып тағайындалды.
Ғылыми еңбектері мен жетістіктері
120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. 20-дан астам ғылыми мақаласы Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін ғылыми журналдарда жарияланған. 80-нен астам ғылыми мақалалары мен баяндамалары ғылыми басылымдарда, салалық мамандандырылған журналдарда, сондай-ақ отандық және халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдар материалдарының жинақтарында жарық көрген. Екі оқу құралының, екі әдістемелік әзірлеменің және бір монографияның авторы. Қазақстан Республикасының 10 патенті бар. Оның ғылыми жетекшілігімен 03.00.16 – «Экология» (химия ғылымдары) мамандығы бойынша бір кандидаттық диссертация сәтті қорғалды.
Марапаттары
- Ресей Федерациясы Авиация-ғарыш агенттігінің «Экология және Ғарыш» сыйлығының лауреаты;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тағайындаған техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ерекше жетістіктері үшін Д. Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты;
- Жас ғалымдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының ғылым және техника саласындағы сыйлығының лауреаты;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Бізбен хабарласыңыз — қажетті ақпаратты табуға көмектесеміз.