ДЕПАРТАМЕНТ

Интернационализация және рекрутинг департаменті

Академиялық ұтқырлық, Erasmus+, қос дипломдар және халықаралық емтихандар — шетелде оқуға қажеттінің бәрі бір жерде.

Департамент туралы

Интернационализация және рекрутинг департаменті студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, Erasmus+ бағдарламаларына, қос дипломдарға, жазғы және қысқы мектептерге, халықаралық TOEFL емтиханына және тіл курстарына жауапты. Біз студенттерге шетелдік серіктес ЖОО-ға түсуге көмектесеміз және Шымкентте шетелдік білім алушылар мен оқытушыларды қабылдаймыз.

Сандармен

350+

халықаралық шарт

2012 жылдан бастап

3 000+

ұтқырлық бағдарламасындағы студент

шетелде оқып қайтты

10

әлем елі

ұтқырлық бойынша 350-ге жуық серіктес ЖОО

Біз немен айналысамыз

Секторлар функциялары

Академиялық алмасулар

  • Студенттер мен ПОҚ-тың алмасу бағдарламаларына қатысуын ұйымдастыру: IAESTE, DAAD, MASHAV, UGRAD, Фулбрайт және т.б.
  • Шетелдік білім алушылар мен оқытушыларды тағылымдама мен практикаға қабылдау.
  • ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы және басқа халықаралық гранттар бойынша кеңес беру.
  • Семинарлар мен брифингтер үшін халықаралық бағдарламалар үйлестірушілерін қабылдау.

Халықаралық байланыстар

  • Білім және ғылым мәселелері бойынша дипломатиялық өкілдіктермен және шет мемлекеттердің ұлттық орталықтарымен байланыс.
  • Шетелдік делегацияларды, мамандарды, студенттерді, магистранттарды, PhD докторанттарды және зерттеушілерді қабылдау.
  • Халықаралық байланыстар бойынша дерекқор жүргізу, келісімдер мен жобалар бойынша бөлімшелерді үйлестіру.
  • Шетелдік іссапар есептеріне және олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізуге бақылау.

Сыртқы ұтқырлық және визалар

  • Өкілдік іс-шаралар, сапарларды дайындау және ресми делегацияларды қабылдау.
  • Университет шақыруымен келген шетел азаматтарына визалық қолдау және көші-қон есебі.
  • Шетелге шығатындарға кеңестік және құжаттық қолдау.
  • Халықаралық келісімдерді есепке алу; серіктес ЖОО-да тағылымдама мен практиканы ұйымдастыру.

Ақпараттандыру

  • Университет сайтына пресс-релиздер мен хабарландырулар дайындау.
  • Университеттің халықаралық қызметіне талдамалық шолу.
  • Іскерлік хат-хабарды жүргізу.

Команда

Ұтқырлық, алмасулар және халықаралық бағдарламалар мәселелері бойынша кімге жүгіну керек.

Тілдерді дамыту бөлімі

Бөлім әрбір жеке тұлғаның тіл үйренуде, өз кәсіби саласында қолдануда, шығармашылық жолында, студенттерді оқытуда, ауыз екі сөйлесу арқылы тілдік қарым-қатынас жасауда, оқу, жазу, түсіну, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда тіл үйренушілердің қажетті лингвистикалық сұраныстарын қанағаттандырады.

Бөлім байланысы: +7 707 838 57 02, akerke_1111@mail.ru.

Курстарда оқыту

  • Тіл курстарында ОПҚ, қызметкерлер, магистранттар мен студенттер оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларын білікті және тәжірибелі оқытушылардың көмегімен жетілдіреді.
  • Грамматика бойынша курстарда дұрыс айтылу мен сөйлеуде түрлі тілдік дағдыларды қолданады.
  • Тыңдаушылар қай тілді оқыса, сол елдің мәдениеті мен дәстүрінен хабардар болады.

Топ құрамы

  • Топтағы тыңдаушылар саны — 12–18.
  • Қазақ тілін меңгеру дәрежесіне қарай А1 — қарапайым, А2 — базалық, В1 — орта, В2 — ортадан жоғары, С1 — жоғары деңгейдегі топтарға бөлінеді.
  • Ағылшын тілін меңгеру дәрежесіне қарай бастапқы (Beginner, Elementary), орта (Pre-intermediate), жалғастырушы (Intermediate, Upper-Intermediate).
  • TOEFL, IELTS халықаралық емтихандарға дайындық топтары.
  • Кәсіби бағдарланған ағылшын тілі курстарындағы әр топта 12–18 тыңдаушы оқытылады; арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту кезінде әрбір тыңдаушыға жеке көңіл бөлінеді.
  • Орыс тілін меңгеру бастапқы және орта деңгейлерден басталады.
  • Сабақтар жыл бойы жүргізіледі.

Қабылдау туралы ақпарат

  • Әлеуметтік желілер арқылы университеттің @auezov_university, Интернационалдандыру және рекрутинг департаментінің @auezov_mobility_academic және Тілдерді дамыту бөлімінің @auezov_language_department инста парақшаларында тіл курстарына шақыру хабарландырулары жарияланады.
  • Тыңдаушылар диагностикалық тест тапсырып, оның қорытындысы бойынша тиісті деңгейдегі топқа қабылданады.
  • Тіл курстары ақылы және ақысыз негізде ұйымдастырылады.
  • Курстар аптасына 3–5 рет, 2 академиялық сағаттан жүргізіледі.

Қолдау көрсету қызметтері

  • Бөлім бағдарламалары ақысыз диагностикалық тестілеуді қамтамасыз етеді, түрлі тілдер мен халықаралық бағдарламалар бойынша тегін кеңес береді және оқып үйренуге көмектеседі.
  • Білім алушылар, ОПҚ мен қызметкерлер университет куәлігімен кітапханаларды, компьютерлік тілдік зертханаларды және бөлімнің басқа да ресурстарын пайдалана алады.
  • Тыңдаушылар тіл курсының соңында қорытынды емтихан тапсырып, сертификатқа ие болады.
Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы
Тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі

Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы

Ахмед Уақар
Ағылшын тілінің оқытушысы

Ахмед Уақар

Голеев Юрий Алексеевич
Ағылшын тілінің оқытушысы

Голеев Юрий Алексеевич

Иманкулова Радха Нуриддиновна
Ағылшын тілінің оқытушысы

Иманкулова Радха Нуриддиновна

Жахангер Аида Ғабитқызы
Ағылшын тілінің оқытушысы

Жахангер Аида Ғабитқызы

Муратбекова Сабина Мауленовна
Орыс тілінің оқытушысы

Муратбекова Сабина Мауленовна

Базарбеков Әлқуат Шагаевич
Қазақ тілі аудармашысы

Базарбеков Әлқуат Шагаевич

Сейдикерим Нұргүлсім Бахытқызы
Мемлекеттік тіл бойынша жоғары білікті маман

Сейдикерим Нұргүлсім Бахытқызы

Ертай Севера Нұрмаханқызы
Жоғары білікті маман

Ертай Севера Нұрмаханқызы

Байланыс

Мекенжай
160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, бас корпус, 134 және 136 кабинеттер
Жұмыс уақыты
Дс–Жм, 9:00–18:00
Бағыттар бойынша пошта
Сыртқы академиялық ұтқырлық: international.mobility@auezov.edu.kz
Ішкі академиялық ұтқырлық: internal.mobility@auezov.edu.kz
Бірлескен және қос дипломды бағдарламалар: international.programs@auezov.edu.kz
Жазғы және қысқы мектеп: international.programs@auezov.edu.kz
TOEFL емтиханы: toefl.center@auezov.edu.kz
Тілдерді дамыту бөлімі: language.center@auezov.edu.kz
Әр бағыт бойынша өтінімдер мен сұрақтар тиісті электрондық пошта мекенжайына түсуі керек.

Шетелде оқығыңыз немесе тағылымдамадан өткіңіз келе ме?

Қатысу шарттарымен танысып, құжаттарды алдын ала дайындаңыз.