ХАБАРЛАНДЫРУ
Шақырылған шетелдік ғалымдардың дәрістері
Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар!
2026 жылғы 16–30 қыркүйек аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Малайзияның Путра университетінен — Universiti Putra Malaysia (UPM) шақырылған шетелдік ғалымдардың дәрістері, практикалық сабақтары, ғылыми семинарлары мен консультациялары өтеді.
Іс-шаралар шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының базасында ұйымдастырылады.
Шақырылған дәріскерлер
Yusmadi Yah binti Jusoh
Доцент, философия докторы — Assoc. Prof. Dr. Yusmadi Yah Jusoh.
Университеті: Universiti Putra Malaysia (UPM), Малайзия.
Факультеті: Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультеті — Faculty of Computer Science and Information Technology.
Дәріскер «Электрондық коммерция» (E-Commerce) курсын жүргізеді. Курс бағдарламасы электрондық коммерция негіздерін, цифрлық бизнесте ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануды, электрондық төлемдер мен банк жүйелерін, онлайн сауданы, цифрлық жарияланымдар мен әлеуметтік желілерді, сондай-ақ электрондық коммерция жүйелерін әзірлеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қамтиды.
Rozi Nor Haizan binti Nor
Аға оқытушы, философия докторы — Senior Lecturer, Ts. Dr. Rozi Nor Haizan Nor.
Университеті: Universiti Putra Malaysia (UPM), Малайзия.
Факультеті: Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультеті — Faculty of Computer Science and Information Technology.
Дәріскер «Бітіру жобасына арналған зерттеу әдіснамасы» (Research Methodology for Capstone Project) курсын жүргізеді. Курс бағдарламасына зерттеу мәселесін айқындау, әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу мақсаттары мен сұрақтарын тұжырымдау, зерттеу жобасының ұсынысын дайындау, зерттеу әдістері мен іріктеу тәсілдерін таңдау, деректерді талдау, зерттеу этикасы, сілтемелерді рәсімдеу және нәтижелерді ұсыну кіреді.