Жаңалықтар
Білім күні – жаңа оқу жылына бастар маңызды қадам
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 40
Жаңа оқу жылының басталуы – білім беру саласы үшін маңызды кезең. 1 қыркүйек күні білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, ұстаздар қауымы өздерінің кәсіби қызметіне тың серпінмен кіріседі. Бұл күн – білімнің қоғам дамуындағы маңызын айқындайтын тағылымды мереке.Білім күніне арналған іс-шаралар аясында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Джусупбекова Г.Т. және Утельбаева А, оқытушы Иманбеков И Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби академиялық мектебі» ЖШС мен Республикалық мектеп-лицей «Дарын» (ТОО «Samal School») және №57 жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында өткен салтанатты жиындарға қатысты.Іс-шаралар барысында университет оқытушылары мектеп ұжымдарымен кездесіп, білім беру үдерісінің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ұстаздарға кәсіби қызметінде табыс пен шығармашылық ізденіс, ал оқушыларға оқу барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өз білімдері мен қабілеттерін дамытуға тілектестік білдірді.Білім алудың әрбір кезеңі – тұлғалық және кәсіби дамудың негізі. Сондықтан жаңа оқу жылы ізденіске, жаңашылдыққа және жаңа жетістіктерге толы болсын!Барша ұстаздар мен білім алушыларға берекелі оқу жылы, зор денсаулық, шығармашылық табыс және жоғары нәтижелер тілейміз!
Білім мен ғылымға ұмтылған ұрпақ – ел дамуының берік негізі!
powered by social2s












