Жаңалықтар
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын талқылау
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 17
Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы тақырыбында ИП-26-3кс, ИП25-3трс топтарында тәлімгерлік сағаттар өтілді.
Мақсаты:Жастарға «Адал азамат» тұжырымдамасын түсіндіру, еңбекқорлыққа, білімпаздыққа және заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
Топтар тәлімгері Усенова А.Ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су жаңа кітабын таныстырды. Ол «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» деп аталады.
Бұл жинақ Президенттің 30 жылдан астам уақыт ішіндегі (1994 жылғы мұрағаттардан бастап бүгінгі күнге дейінгі) ең маңызды баяндамалары мен халықаралық мінберлерде сөйлеген сөздері мен тезистерін қамтиды. Кітап 21 бөлімнен тұрады. Онда мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаты, «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» тұжырымдамалары, тіл мен руханият мәселелері кеңінен қозғалған.
Туындыда Президенттің Қазақстан ішіндегі және беделді халықаралық шараларда тілге тиек еткен негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған. Кітаптың оқырманға берері мол.
powered by social2s






