Жаңалықтар
2026 жылғы 15–27 маусым аралығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы ұйымдастырған «Жасанды интеллект, АКТ және VR/AR технологияларының цифрлық білім берудегі заманауи жағдайы мен даму бағыттары» атты Халықаралық жазғы мектеп жоғары деңгейде өткізілді.
Жазғы мектеп аясында жасанды интеллект, цифрлық білім беру, VR/AR технологиялары, киберқауіпсіздік және инновациялық білім беру бағыттары бойынша мазмұнды дәрістер мен тәжірибелік кездесулер ұйымдастырылды. Бағдарламаға Малайзияның Universiti Putra Malaysia (UPM) университетінен, Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ Қазақстанның түрлі университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының жетекші ғалымдары, профессорлары және сарапшылары қатысты. Сонымен қатар, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы өздерінің ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі заманғы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың білім беру саласындағы өзекті бағыттарын таныстырды.
Халықаралық деңгейдегі спикерлердің мазмұнды баяндамалары мен тәжірибе алмасу алаңы қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, жаңа ғылыми байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік берді. Жазғы мектеп жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды
powered by social2s













