Жаңалықтар
«Салауатты өмір салтын насихаттаудағы үстел теннисі»
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 16
“Ақпараттық коммуникациялық технологиялар” кафедрасының оқытушы Каржаубекова С.С. ұйымдастыруымен СТ-24-3к4 тобының студенттерімен 15.05.2026ж. «Салауатты өмір салтын насихаттаудағы үстел теннисі» тақырыбында іс-шара өткізді.Іс-шараның мақсаты – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру болды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті.Үстел теннисі – адамның ойлау қабілетін дамытатын, жылдамдық пен дәлдікті талап ететін спорт түрі. Ойын барысында қатысушылар бір-бірімен жарысып қана қоймай, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты да нығайтты. Әр ойыншы жеңіске жетуге тырысып, ерекше ынтамен қатысты.Іс-шара барысында студенттер көтеріңкі көңіл-күйде болып, спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екенін түсінді. Сонымен қатар, мұндай спорттық шаралар жастардың белсенді өмір салтын ұстануына және денсаулығын нығайтуына ықпал етеді.Қорытындылай келе, үстел теннисі ойыны барлық қатысушыларға жақсы әсер сыйлап, қызықты естеліктер қалдырды. Осындай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.







