Жаңалықтар
«Тазалық — табалдырықтан басталады» атты тақырыпта сенбілік
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 47
"Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының оқытушылары Б.О.Тастанбекова, М.М.Тұрғанбекова, С.С.Момбекова, Д.А.Бибулова ИП-25-11К2 тобының студенттерімен Орталық саябаққа «Тазалық — табалдырықтан басталады» атты тақырыпта сенбілікке шықты.
Бұл іс шара тек айналаны қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты нығайтып, ортақ үйімізге деген жанашырлықты көрсету.
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген ұжымның жұмысы әрқашан берекелі. Таза қалада, таза ортада өмір сүру — әрқайсымыздың қолымызда!
Бүгінгі күннің сәні де, мәні де ерекше. Біз тек аудиторияда білім беріп қана қоймай, қоршаған ортаны аялауды, еңбектің қадірін білуді де бірге үйреніп жүрміз.
Шуақты күндегі бірлескен жұмыс көңіл-күйімізді көтеріп, топтың ауызбіршілігін арттыра түсті. Айналамызды бірге гүлдендірейік! ?✨
powered by social2s











