Жаңалықтар
Салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениетті дамыту – біздің ортақ міндетіміз
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 53
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Ақпараттық жүйелер және модельдеу кафедрасының профессор-оқытушы құрамы спорттық іс-шаралар ұйымдастырды. Аталған іс-шаралар қатысушылардың денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын насихаттауға және ұжымдық рухты арттыруға бағытталды.
Іс-шараға кафедра оқытушылары Усенова А.Ж., Ельбергенова Г.Ж., Куленова Э.Т., Боташева А.О., Коишибекова Г.А., Асилова Э.А., Ескараева А.А., Айдаулет Б.Е. және студенттер қатысты.
Сонымен қатар, оқытушылар аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысу арқылы қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында ағаш отырғызу, аумақты тазалау және жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.









