ҚАМҚОРЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК – ӘР АДАМНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ПАРЫЗЫ

2026 жылы мамыр айының 5-ші жұлдызы күні Қайырымдылық іс-шарасы аясы бойынша ДЕМЕУШІЛІККЕ ТАРТУ мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының Ph.D., аға оқытушысы Г.А.Сатылханованың бастамасымен бірлесе отырып ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДЕМЕУШІЛІК  ЖАСАУШЫ Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласы, Ж.Арзымбетов көшесі, 23-ші мекемеде орналасқан «KHG Project» ЖШС ұйымының тарапынан Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, Абай көшесі 17А-де орналасқан «Түркістан облысының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ-нің орталығының балаларына қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық іс-шараның басты мақсаты - орталықтағы балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, оларға мейірім мен қамқорлық сыйлау, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, балалармен жылы қарым-қатынас орнатып, олардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын сезіндіру болды. Бұл игі іс-шара балаларға тек материалдық көмек көрсетіп қана қоймай рухани тұрғыдан да қолдау бола алды. Олар үлкендердің қамқорлығын  сезініп, өз болашағына үмітпен қарауға тағы да бір қадам жасады. Қайырымдылық – қоғамды ізгілік пен мейірімге бастайтын асыл құндылықтардың бірі. Осындай игі бастамалар арқылы әрбір баланың бақытты өмір сүруге лайық екенін тағы да бір мәрте дәлелдейміз. Алдағы уақытта да мұндай игі істер жалғасын табады деп сенеміз. 

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.