Жаңалықтар
ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ 17 МАҚСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 59
«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының аға оқытушысы Э.Т. Куленова мен оқытушы Б.Е. Айдәулеттің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму және IT: цифрлық технологиялар әлемді қалай өзгертеді?» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге тұрақты даму ұғымы мен бағыттарын түсіндіру, ресурстарды тиімді пайдалану мәдениетін, саналы тұтыну мен экологиялық мінез-құлықты қалыптастыру және азаматтық белсенділік пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру болды.
Кураторлық сағат барысында студенттер тұрақты даму ұғымының мәнін талқылап, оны IT саласының мүмкіндіктерімен байланыстырды. Дөңгелек үстелде мына бағыттар бойынша пікір алмасу өтті:
- кедейлікпен күрес және қаржылық сауаттылықтағы цифрлық шешімдер;
- азық-түлік қауіпсіздігі және агротехнологиялар;
- экология және қалдықтарды азайтудағы smart-жүйелер;
- суды үнемдеу: IoT және ақылды есептегіштер;
- гендерлік даму;
- жасыл экономика және Green IT;
- сапалы білім және ЖИ: мүмкіндіктері мен қауіп-қатері.
Аталған бағыттар бойынша студенттер өз ой-пікірлерін ортаға салып, ақпараттық технологиялардың тұрақты дамуға жетудегі рөлін нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Кураторлық сағат барысында білім алушылар тұрақты даму мәселелерін шешуге бағытталған IT саласындағы мүмкін болатын жобалық идеяларды ұсынды. Бұл іс-шара студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, тұрақты даму қағидаларын күнделікті өмірде және болашақ мамандықтарында қолдануға бағыт береді.






