Жаңалықтар
PhD Жұматаев Н.С. «Қытай – Орталық Азия елдерінің үздік инженерлеріне арналған озық есептеу технологиялары бойынша оқу бағдарламасына» қатысуда
- Нұрмағанбет Саян Досжанұлы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 36
М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Компьютерлік инженерия және энергетика» ЖМ «ЕТ және БҚ» кафедрасының доценті, PhD Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлы Қытай Халық Республикасының Ухань қаласында орналасқан Хуачжунский ғылым және технология университетінде (Huazhong University of Science and Technology, HUST) өтіп жатқан халықаралық тағылымдама бағдарламасына қатысуда.
Аталған іс-шара Әл Фараби атындағы ҚазҰУ бастамасымен «China–Central Asia Advanced Computing Training Program for Outstanding Engineers» атты бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, яғни Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан ғалымдары қатысуымен 2026 жылғы 21 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді. Бағдарламаны Хуачжунский университеттің Компьютерлік ғылымдар және технологиялар мектебі жүзеге асырып отыр.
Тағылымдаманың негізгі мақсаты – Орталық Азия елдерінен келген үздік инженерлер мен ғалымдардың алдыңғы қатарлы есептеу технологиялары саласындағы теориялық және практикалық біліктілігін арттыру.
Бағдарлама мазмұны келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
- жоғары өнімді есептеулер (High Performance Computing – HPC);
- жасанды интеллект (Artificial Intelligence – AI);
- кванттық есептеулер (Quantum Computing – QC).
Сонымен қатар оқу үдерісінде:
- есептеу принциптері;
- жүйелік архитектура;
- инженерлік практика;
- ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, энергетика және экология салаларындағы қолданбалы сценарийлер
кеңінен қарастырылады.
Оқыту форматы теориялық дәрістерді, платформалық оқытуды және жобалық практиканы қамтып, қатысушылардың практикалық әрі инженерлік құзыреттерін дамытуға бағытталған.
Бұл тағылымдама PhD Жұматаев Нұрлыбек Срайылұлының ғылыми-зерттеу және халықаралық академиялық ынтымақтастық аясындағы кәсіби тәжірибесін арттыруға зор мүмкіндік береді.
«Компьютерлік инженерия және энергетика» ЖМ «ЕТ және БҚ» кафедрасы үшін де табысты болады деп сенеміз.







