Жаңалықтар

Өткен жылды қорытындылау бойынша дәстүрлі «Жас талант – 2025» факультет аралық байқауында «АТжЭ» ЖМ, «Автоматтандыру, телекоммуникациялар және басқару» кафедрасының студенттері ерекше өнер көрсетті. Байқауда студенттер «Көңілді тапқырлар клубы» номинациясында 3 орынға, «Би өнері» номинациясында 2 орынға, ал «Кеш жүргізушісі» номинациясында 1 орынға ие болды. Жеңімпаздар өз шеберліктерімен көрермендер мен қазылар алқасын таңғалдырды. Бұл жеңіс кафедра студенттерінің оқу үрдісімен қатар шығармашылық әлеуетін, ұйымшылдығын және өнерге деген құштарлығын айқын көрсетті. Болашақта да олар шығармашылық биіктерді бағындыруды жалғастыратынына сеніміміз мол.




