Дебат форматындағы сабақ

Дебат форматындағы сабақ: жасанды интеллект платформалары

2025 жылғы 17–18 қараша күндері «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің аға оқытушысы Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы филология факультетінің 3-курс студенттерімен (ФИ23-1дк, ФИ23-1к, ФИ23-5к, ФИ23-4кр, ФИ23-3к1, ФИ23-3к2, ФИ23-3к3, ФИ23-1к2, ФИ24-1кс, ФИ23-3др, ФИ23-3р1, ФИ23-3р2 топтарымен) «Жасанды интеллект платформаларының пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат форматында дәрістік сабақ өткізді.
Дәріс форматы оқытушының АҚШ-тың Иллинойс университетіндегі шетелдік ғылыми тағылымдама тәжірибесі негізінде ұйымдастырылды.Бұл форматтың мақсаты — студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту, дәлелді пікір айту дағдыларын қалыптастыру, командалық жұмысқа баулу және заманауи ЖИ платформаларының артықшылықтары мен тәуекелдерін талдау болды.Дәріс барысында студенттер ChatGPT, Gemini, Claude AI, Copilot, Midjourney сияқты заманауи ЖИ платформаларының мүмкіндіктерін салыстырып, олардың кәсіби, білім беру және шығармашылық салалардағы қолданылуын талдады. Сонымен қатар, олар «Пайдасы басым ба, әлдезияны басым ба?»деген тақырыпта өз ұстанымдарын дәлелдеді және қарсы аргументтерді теріске шығару арқылы пікірталас мәдениетін меңгерді.Сабақтарда ерекше назар жасанды интеллектіні қолданудың этикалық және құқықтық мәселелеріне аударылды. Студенттер ЖИ-мен жұмыс істеу кезінде ақталуы тиіс этикалық нормаларды (академиялық адалдық, дербес деректерді қорғау, авторлық құқықты сақтау, плагиатқажолбермеу) және цифрлық құралдарды пайдалану кезіндегі құқықтық шектеулер мен тәуекелдерді талқылады. Оларға ЖИ технологияларын оқу және кәсіби қызметте дұрыс әрі қауіпсіз қолдану бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Дебат форматы студенттерге:
  • Әртүрлі көзқарастарды талдай отырып, дәлелді пікірлерін ұсынуға;
  • Командалық жұмыс және рөлдерді бөлу арқылы ұйымдасқан түрде жұмыс істеуге;
  • Қарсы пікірлерді теріске шығару және дискуссия жүргізу дағдыларын дамытуға;
  • сын тұрғысынан ойлау және зерттеушілік қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Осы әдістемені қолдану нәтижесінде студенттер тек ЖИ платформалары туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар олардың кәсіби және зерттеу қызметінде қолданудың тәжірибесін меңгерді. Сондай-ақ олар ЖИ технологияларын этикалық әрі жауапкершілікпен пайдалану қажеттілігін түсініп, болашақ маман ретінде саналы көзқарас қалыптастырды.

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.