Ашық есік күні

Қазығұрт ауданының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Ашық есік күні» өтті!
2026 жылдың 13 наурыз күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2026–2027 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауданының мектеп бітіруші оқушыларына арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы Қазығұрт ауданындағы №5 Т.Рысқұлов атындағы мектеп лицейінде ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқандар:
«Басқару және бизнес» жоғары мектебінің деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құлбай Бауыржан Сусарұлы, "Экономикалық теория" кафедрасының аға оқытушысы Б.І. Оспан, "Есеп және аудит" кафедрасының аға оқытушысы В.М. Карибов, "Экономика" кафедрасының аға оқытушысы Б.Д. Бекназаров, "Менеджмент және маркетинг" кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Тулеева, кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі М.Ж. Қайықбаев, университеттің әскери кафедрасының аға оқытушысы Қ.С. Құрманәлі қатысты.
Университеттің білім беру бағдарламаларын, оқу мүмкіндіктерін және студенттерге жасалған жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, университеттің материалдық-техникалық базасы, халықаралық байланыстары және студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып өтті.
Кәсіби бағдар беру орталығының медиа бөлім жетекшісі Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы талапкерлерге жоғары оқу орнына түсу тәртібі, құжат тапсыру кезеңдері, ҰБТ ережелері, білім беру бағдарламалары және шекті балдар туралы толық мәлімет берді.
Мамандықтар бойынша толық қанды мағлұмат бере отырып, мектеп бітіруші оқушыларын университетке оқуға шақырды.
Кездесу барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет өкілдерінен жан-жақты жауап алды. Осындай кездесулер талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға және университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Күнтізбе

Наурыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.