Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ғылыми жобалары мемлекеттік мониторингтен сәтті өтті
- Қаралды: 15
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультеті ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары стандарттарды көрсетуді жалғастыруда. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес факультетте «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ тарапынан жоспарлы мониторинг жүргізілді.
Факультеттің екі ғылыми-зерттеу жобасы сараптамалық комиссияның жоғары бағасына ие болды:
АР25795825 жобасы: «Қойдың аралас гельминтоздарына қарсы «НематоSTOP» препаратының емдік әсерін әзірлеу және зерттеу», жетекшісі PhD доктор А. Күзербаева; ғылыми консультант, доцент М.Жаңбырбаев, Жобаның ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар.
«Оңтүстік Қазақстанның кәдімгі сұр топырақтарында күздік бидайды өсірудің ресурс үнемдеуші технологиясын әзірлеу» AP25795543 жобасы, жетекшісі, PhD доктор С. Төребаева; Бұл зерттеу ылғал тапшылығы жағдайында дәнді дақылдардың өнімділігін арттыруға және өңірдің фермерлік шаруашылықтарының шығындарын оңтайландыруға бағытталған.
Мониторинг барысында ҒҒТҰО өкілдері күнтізбелік жоспарлардың орындалу барысын, аралық ғылыми нәтижелерді, ғалымдардың жарияланымдарын, сондай-ақ бөлінген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын егжей-тегжейлі зерттеді.
Тексеру қорытындысы бойынша екі жоба да жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде іске асырылып жатқаны және еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін орасан зор практикалық мәнге ие екені атап өтілді. Факультеттің зерттеу топтарын мемлекеттік сараптамадан табысты өтулерімен құттықтаймыз және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруда одан әрі табыстар тілейміз!







