Жаңалықтар
Шекарасыз ғылым: ҚР ҰАҒА Шымкент филиалы мен Аграрлық факультет Түркия ғалымдарымен ынтымақтастықты нығайтуда
- Қаралды: 53
Аграрлық факультетте факультет басшылығы мен ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының Шымкент филиалы мүшелерінің Түркия Республикасының жетекші жеміс өсіруші ғалымдарымен жоғары кездесуі өтті. Тараптар Түркістан өңірінің бау-бақша шаруашылығын дамытуға алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктерді ықпалдастыруды талқылады.
Талқылауға ҚР ҰАҒА Шымкент филиалының төрағасы, академик Жәнібек Әнуарбекұлы Паржанов, академик Нұржан Нұрмаханбетұлы Әжіметов, Аграрлық факультеттің деканы, ҚР ҰАҒА Шымкент филиалының ғалым хатшысы Гүлнар Рахымбердіқызы Тастанбекова, сондай-ақ ТИКА өкілдері мен аграрлық ғылым саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.
Диалогтың негізгі тақырыптары:
- Технологиялар трансферті: Қарқынды бау-бақша шаруашылығының түрік әдістерін Оңтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына бейімдеу.
- Бiрлескен зерттеулер: Жемiс дақылдарының жаңа сорттарын зерделеу үшiн факультет базасында бiрлескен тәжiрибе учаскелерiн жобалау.
- Академиялық ұтқырлық: Түркияның жетекші аграрлық орталықтарында М.Әуезов атындағы ОҚУмагистранттары мен жас ғалымдары үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау және ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
Гүлнәр Рахымбердіқызы Ұлттық аграрлық ғылым академиясының ресурстары мен факультеттің білім беру әлеуетін Түркияның халықаралық тәжірибесімен біріктіру отандық бағбандықта инновациялық серпіліс жасау үшін қуатты кластер құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу бірлескен далалық семинарлар өткізу, ғылыми жарияланымдар шығару және бақшалардың вегетациялық процестерін басқаруға цифрлық технологияларды енгізу туралы уағдаластықпен аяқталды.






