Жаңалықтар
Аграрлық факультетте Өзбекстан ғалымдары қонақта болды
- Қаралды: 5
2026 жылғы 10 наурызда Аграрлық факультетте деканның Самарқанд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің Нукус филиалынан ғылыми зерттеулер, инновациялар және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бөлімінің бастығы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент А.Б.Мамбетназаровпен; ветеринария және зооинженерия факультетінің деканы, биология ғылымдары бойынша философия (PhD) докторы А.Ж.Қаниязовпен; «Зооинженерия» кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдары бойынша философия (PhD) докторы, доцент Х.А.Маматовпен және оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, биология ғылымдарының кандидаты Қ.М.Атаназаровпен ресми кездесуі өтті. Сапар АӨК үшін мамандар даярлау саласындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының перспективаларын талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталды.
«Бұл ынтымақтастық біздің өңірдегі аграрлық ғылымның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті факультет деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Тастанбекова.





