Жаңалықтар
Жылулықпен бөлісу: Аграрлық факультеттің оқытушылары Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне барды
- Қаралды: 6
Аграрлық факультеттің «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Шымкент қаласы Білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында» болды.
Бұл сапар факультеттің әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасының бір бөлігі болды. Кафедра оқытушылары балаларға сыйлықтар беріп қана қоймай, сондай-ақ, оларға көңіл-күй, қолдау көрсету ниетімен келді.
Кездесу барысында университет өкілдері орталықтың тәрбиеленушілерімен әңгімелесіп, оларға тәтті-дәмділер мен кітаптар табыстады. Кафедра ұжымы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысты.
"Біз үшін мұндай сапарлар - жай ғана қайырымдылық емес, жүректің талабы. Біз қамқорлық пен ізгі сөз бұл балаларды өмірлік жағдайларға қарамастан жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенеміз. Болашақта олардың біреуі біздің факультетті таңдап, көрнекті аграршы болуы мүмкін", - деп атап өтті кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әсет Жылқыбаев.
Аграрлық факультеттің ұжымы Орталық әкімшілігіне жылы шырайлы қабылдағаны және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіреді.





