Жаңалықтар
АӨК жаңа стандарттары: Аграрлық факультеттің ғалымдары Taian Nuolian технологияларын зерттеуде
- Қаралды: 11
2026 жылғы 13 ақпанда «Атамекен» Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында заманауи геосинтетикалық технологияларды енгізуге арналған ақпараттық-практикалық семинар өтті. Іс-шараға Аграрлық факультеттің деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Тастанбекова, «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Әсет Жылқыбаев және кафедраның аға оқытушысы, доцент Жеңісбек Әбдірайымов қатысты.
Семинар ірі халықаралық өндіруші - Taian Nuolian Engineering Materials Co., Ltd. Компания өкілдеріөнеркәсіптік құрылыста ғана емес, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) нысандарын жаңғыртуда кеңіненқолданылатын геосинтетикалық және жабын материалдарының желісін таныстырды.
Семинарға факультеттің жетекші ғалымдарының қатысуы ауыл шаруашылығындағы инновациялықшешімдерге сұраныстың өсуіне байланысты. Taian Nuolian геосинтетикасы мыналар үшін тиімді пайдаланылуымүмкін: су айдындары мен ирригациялық каналдарды гидроизоляциялау (геомембраналар); қазіргі заманғы малшаруашылығы кешендері мен қоймаларының шатырларын орнату; топырақты эрозиядан қорғау және жылыжайшаруашылықтарын салу кезінде негіздерді нығайту.
Кездесу барысында факультет деканы мен кафедра меңгерушісі компания өкілдерімен және Кәсіпкерлерпалатасының сарапшыларымен аталған материалдарды факультеттің оқу процесіне және ғылыми-зерттеуқызметіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
«Осындай жоғары технологиялық материалдарды зерделеу бізге оқу бағдарламаларын өзектендіруге жәнестуденттерге бүгінде Түркістан облысының өндірісіне енгізіліп жатқан ең озық құралдар туралы білім беругемүмкіндік береді», - деп атап өтті декан.
Семинар қорытындысы бойынша техникалық ақпарат алмасу және студенттерді жаңа материалдарменжұмыс істеуге үйрету үшін практикалық алаңдар ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл жасау жолдарыбелгіленді.






