Аграрлық факультеттің ғалымдары «Жеміс ағаштарын кесу және қалыптастыру» тақырыбында халықаралық семинар өткізді

2026 жылғы 02-06 ақпан аралығында Аграрлық факультеттің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының ғалымдары Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) Қазақстандағы өкілдігімен және Эгирдир-Ыспарта жемістер ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесіп «Жеміс ағаштарын кесу және қалыптастыру» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Семинардың ашылуында факультет деканы Гүлнәр Тастанбекова сөз сөйледі. ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының «Яссауи» орталығының басшысы, ҚазҰАИУ профессоры, ҚР ҰАҒА құрметті академигі, агроконсультациялық орталықтың жетекшісі Нұрлыбек Боранбаев және Қазақстандағы ТИКА өкілі Ибрагим Ибадуллаев құттықтау сөз сөйледі.

Семинар барысында факультет деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Тастанбекова Г.Р. «Қазақстан Республикасындағы жеміс шаруашылығының әлеуеті» тақырыбында баяндама жасады. Гүлнәр Тастанбекова Қазақстанда жеміс өсірудің әлеуеті орасан зор, бірақ толық пайдаланылмаған күйінде қалып отырғанын атап өтті: жылына 2,5 млн. тоннадан астам жеміс пен жидек қажет болғанда, ішкі өндіріс 420 мың тоннаға жуық ғана құрайды (қажеттіліктің 1/6бөлігінен кем). Негізгі перспективалар қарқынды бау-бақша шаруашылығымен, сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамытумен, сондай-ақ оңтүстік өңірлерде жер ресурстарымен жоғары қамтамасыз етумен байланысты.

Өз баяндамаларында докторлар Исмаил Демирташ, Омер Фарук Карамерсель, Мелих Айдынлы және Мұрат Ешілырмақ Эгирдир-Ыспарт жеміс-жидек ғылыми-зерттеу институтының қызметі туралы; Түркиядағы және әлемдегі жеміс шаруашылығының жай-күйі; қазіргі заманғы жеміс бақтарын отырғызу және назар аударуды талап ететін негізгі аспектілер; климаты қалыпты жеміс дақылдарының аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес әдістері мен диагностикасын; тұқымдық және сүйекті дақылдарды кесу және қалыптастыру туралы баяндады.

5 күндік семинар алынған материалды бекіту үшін бау-бақшаларға көшпелі сабақтарды да қамтыды.


Күнтізбе

Ақпан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.