Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ғалымдары «Мал шаруашылығының тұрақты дамуы: жаһандық міндеттер, басымдықтар және тиімді шешімдер» тақырыбында халықаралық онлайн-форум өткізді
- Қаралды: 16
2025 жылғы 10 желтоқсанда Аграрлық факультеттің «Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының ғалымдары «Мал шаруашылығының тұрақты дамуы: жаһандық міндеттер, басымдықтар және тиімді шешімдер» тақырыбында халықаралық онлайн-форум өткізді.
Дәстүрлі түрде онлайн-форумның ашылуы факультет деканы, қауымдастырылған профессор, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Гүлнәр Тастанбекованың, «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі және ғалымдарының, сондай-ақ Қазақстан, Қарақалпақстан және Өзбекстан ғылыми мекемелеріндегі және ЖОО жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен пленарлық отырыс форматында өтті.
Форумның пленарлық отырысын ашқан Гүлнар Тастанбекова бүгінде мал шаруашылығы әлемдік халық санының өсуі, климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды арттыру сияқты маңызды сын-қатерлер алдында тұрғанын атап өтті. Бұл сын-қатерлерге тек бірлескен күш-жігер - инновациялық технологияларды дамыту, экологиялық жауапты тәсілдерді енгізу, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және орнықты өндірістік тізбектерді құру арқылы ғана жауап беруге болады.







