Аграрлық факультеттің ғалымдары «Ауыл» партиясының аймақтық филиалында марапатталды

2025 жылғы 20 қарашада «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» конференц-залында партияның 25 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Іс-шараға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ардагерлер, ғылым, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қаржы және табиғатты қорғау саласының өкілдері қатысты.

Аймақтық филиалдың төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Төрегелді Қалмұратов сөз сөйлеп, партияның қалыптасуының 25 жылдығына және алдағы бағдарламалық бағыттарына тоқталып және аймақтық филиалдың аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов сөз сөйледі. Кездесу барысында өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар партияның 25 жылдық мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Олардың арасында факультет деканы, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Тастанбекова мен PhD докторы Дәулет Досжанов болды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат пен қызметте табыс тілейміз!


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.