Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің студенті екі дүркін чемпион атанды
- Қаралды: 13
6В09111 «Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Жантай Ердос 62 кг салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, аударыспақтан екі дүркін чемпион атанды.
Республикалық ХІХ чемпионатты Алматы облысы Талғар ауданында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті ұйымдастырды.
Ердос, адал еңбекпен қол жеткізілген жеңісіңізбен құттықтаймыз! Сізге өмірде әрқашан елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, алдарыңызға биік мақсаттар қойып, өз ісіңіздің үздігі болуды тілейміз!