Жаңалықтар
Аграрлық факультеттің ғалымдары шетелдік әріптестерімен онлайн-семинарға қатысты
- Қаралды: 15
2025 жылғы 8 мамырда Гүлнәр Тастанбекова - Аграрлық факультеттің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі; Әсет Жылқыбаев - «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты және «Өсімдік және мал шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жеңіс Әбдірайымов М.Әуезов атындағы ОҚУ және Әл-Фараби ҚазҰУ әріптестерімен бірге Синьцзян университетінің ғалымдарымен онлайн-семинарға қатысты.
Іс-шара барысында профессорлар Цянь Юронг, Мадина Мансурова және Лаура Хасенова өздерінің университеттерін таныстырды. Кездесу нәтижелі өтті: үш университеттің бірлескен қызметінің негізгі бағыттары келісілді