V Халықаралық жаңашыл педагогтар форумының жүлдегерлерін құттықтаймыз

Аграрлық факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған «Қазіргі заманғы білім: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» V Халықаралық жаңашыл педагогтар форумына белсенді қатысты.

Онлайн және офлайн-секцияларда отандық және шетелдік ғалымдардың пленарлық баяндамалары мен ашық дәрістері тыңдалып, инновациялық жобалардың тұсаукесерлері, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілді. «Үздік ашық сабақ» номинациясында PhD Б.Ш. Құлтасов 2-орын алды, «Үздік электрондық оқулық» номинациясында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент К.С. Байжанов және PhD, доцент А.Күзербаева 2-орын иеленді.

Құттықтаймыз және ұзақ жылдар бойы табысты шығармашылық жұмыс тілейміз!


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.