Жаңалықтар
Аграрлық факультетке Қарақалпақстан ғалымдары келді
- Қаралды: 42
Аграрлық факультетке Қарақалпақстан Ауыл шаруашылығы және агротехнологиялар институтының ғалымдары: «Зооинженерия» факультетінің деканы Наурызов Т.К.; білім сапасын бақылау бөлімінің бастығы А.Сайимбетов; «Зооинженерия және ветеринария» кафедрасының доценті Бекбаев Х.А.; «Зооинженерия және ветеринария» кафедрасының ассистенттері: С.Ж. Шерназаров, Р.П.Каримов, О.У.Алланиязов; «Өсімдік шаруашылығы, орман шаруашылығы және ландшафттық дизайн» кафедрасының ассистенттері: Камалова Н.Б., Сабирова М.Г.; «Биотехнология және микробиология» кафедрасының ассистенті Рейпова Г.К.; «Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, дәрілік өсімдіктерді өндіру және қайта өңдеу технологиялары» кафедрасының ассистенттері: Козокбаев О.С., Каримбаева А.О., Мамутов Ю.О.; «Гуманитарлық ғылымдар және тілдер» кафедрасының ассистенті PhD Наурызова А.К.
Сапардың мақсаты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің, атап айтқанда Аграрлық факультеттің қызметімен және оның жетістіктерімен танысу болды. Ғалымдардың жемісті қарым-қатынасының басты нәтижесі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде белгіленген бағыттар бойынша біздің студенттерге өткізілген дәрістер болды.