Жаңалықтар
Аграрлық факультеті С.Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясының бітіруші сыныптары арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді
- Қаралды: 72
2025 жылғы 4 сәуірде Сайрам ауданының С.Сейфуллин атындағы №20 мектеп-гимназиясында Аграрлық факультет және кәсіптік бағдарлау жұмысының ұжымы бітіруші сыныптар арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Өз сөзінде факультет деканы, доцент, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Г.Р. Тастанбекова студенттік өмірі, оқу ақысына жеңілдіктер, сондай-ақ университет пен факультеттің материалдық-техникалық базасы туралы ақпарат берді.
«Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі, доцент А.К. Жылқыбаев және «Ветеринарлық медицина» кафедрасының меңгерушісі, доцент А.Т. Күзербаева, сондай-ақ факультет және кәсіптік бағдарлау жұмысы бөлімінің қызметкерлері оқушыларға буклеттер таратқаннан кейін, кеңес беру түрінде сұхбат жүргізді.
Әңгімелесу барысында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ұсынған мамандықтарды таңдауға оқушылардың дайындық деңгейі анықталды. Алған ақпараттан кейін түлектерде сұрақтар туындап, оларға білікті жауаптар берілді.