Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы жоспары
27.11.2025 күні “ Алаш зиялысы - М.Дулатұлының 140 жылдығына” арналған ашық тәлімгерлік сағатын “Химия және Фармацевтикалық инженерия” кафедрасының Хт-24-9к10 тобы мен  тәлімгер Қ.Қалымбетова, аға тәлімгер А.О.Сеитманбетова ұйымдастырып өткізді. Каф.меңгерушісі Б.И.Турсубекова, т/і жөніндегі декан ор.Ә.Ә.Қадірбеков, аға тәлімгер А.О.Сеитманбетова студенттерге алғысын білдіріп, іс-шараның өте керемет, әрі әсерлі өткендігін айтты. ?Ашық тәрбие сағаты өткен тарихты еске түсіре отырып, терең толғауларға толы тәрбие қалыптастырды.
12.11.2025 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң “Химия ж/е Фармацевтикалық инженерия” кафедрасы мен ?️ОҚМА-ң Фармакология, фармакотерапия” кафедрасымен бірге “Жасанды интеллект жүйесінің ФӨТ мен клиникалық фармакологияда атқаратын маңызды ролі” атты тақырыбында бірлесіп өткен іс-шара өтілді. ??Іс-шараны ұйымдастырушылар: каф.меңгерушісі ф.ғ.к,доцент Б.И.Турсубекова, аға тәлімгер А.О.Сеитманбетова, Ә.Ә.Қадірбеков, кафедра ПОҚ. Қонақтар: ОҚМА- ң ПОҚ . Факультет деканының м/а Н.Ш.Отарбаев іс-шара ұйымдастырушылар мен ОҚМА-ң ПОҚ құрамына ж/е студенттерге алғысын білдірді. ?Мағынасы терең жатқан іс-шара кеші өте тартымды, әрі қызықты өтті.
“Химия және Фармацевтикалық инженерия” кафедрасының «Міржақып. Оян, қазақ» сериалының көрсетілімімен пшық тәрбие сағатын 17- қарпша күні Кафедра меңгерушісі, аға тәлімгер А.О.Сеитманбетова және х.ғ.к.доценті
Айкозова Л.Д. ХТ-25-10к1
Суйгенбаева А.Ж. ХТ-25-10к2 өз топтарымен бірге өткізді
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жыылдығына орай аға тәлімгер А.О.Сейтманбетова ХТ-23-9к4 тобымен тәлімгерлік сағат өткізді
“Химия және ФИ” кафедрасының ХТ-21-9к1 тобының студенті Пернебай Дариға өзінің диплом алды практикалық іс тәжірибиеден өту барысы Жетекшісі: аға оқытушы А.О.Сеитманбетова
“Химия және ФИ” кафедрасының Хт-21-9к1 тобының студенті Шалдарбек Нұргүл өзінің диплом алды практикалық іс тәжірибиеден өту барысы Жетекшісі: аға оқытушы А.О.Сеитманбетова
"Қош келдің Әз-Наурыз!"-атты тақырыбында 18 наурыз 2025 күні х.ғ.кандидаты, аға оқытушы М.М.Нарманов бастаған ХТ-23-10к1;к2;к3; 10тк; 10р топтар мен топ тәлімгерлерімен К. Назарқасым, А.А. Утебаев және аға тәлімгер А.О.Сеитманбетова ұйымдастыруымен бірге мерекелік ашық тәрбие кеші өтті. Іс-шарада “Биотехнология және Химиялық инженерия” ЖМ-ң деканы М.Ж.Айтөреев, “Химия және Фармацевтикалық инженерия”каф.мең.С.Р.Ермеков Наурыз мерекесіне орай жылы лебіздерін білдірді.
НАШАҚОРЛЫҚ, ТЕМЕКІ, АЛКОГОЛЬ – ЗИЯНДЫ ӘДЕТКЕ ҚАРСЫМЫЗ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің “Биотехнология және Фармацевтикалық инженерия” жоғары мектебіне қарасты “Химия және ФИ” кафедрасының аға тәлімгері А.О. Сейтманбетова 1-курс студенттерімен бірге “Нашақорлық, темекі, алкоголь – зиянды әдетке қарсымыз” тақырыбында тәрбиелік-насихаттау іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға арнайы қонақтар шақырылып, олар студенттерге маңызды әрі қызықты баяндамалар жасады. Шара барысында №13 Қалалық емханасының терапевті Д.К. Ералиева, психолог А.Ш. Өтегенова, уролог Д.Б. Бабаханов, сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері – ЖКБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Е. Сейталимов, полиция майоры А.Б. Бозтаев және есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің полиция майоры Б.Қ. Карбеков өз тәжірибелерімен бөлісіп, зиянды әдеттердің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зардаптары туралы жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар, “Биотехнология және Фармацевтикалық инженерия” жоғары мектебінің деканы М.Ж. Айтуреев пен “Химия және ФИ” кафедрасының меңгерушісі С.Р. Ермеков студенттерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндіріп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Бұл іс-шара жастардың зиянды әдеттер туралы түсінігін кеңейтіп, олардың дұрыс таңдау жасауына ықпал ететін маңызды кездесу болды.
19.12.2024 ж. кафедрамызда “ЮЖ-Фарм” күміс және мыс наноцитраты негізінде вирусқа қарсы және микробқа қарсы әсері бар таңғыштар мен медициналық маскалар өндірісінің директоры Ташменов Р.С. семинар өткізді. Семинарға кафедарның ПОҚ мен студенттер қатысып, өндірістің жұмыс барысымен танысты.
20 желтоқсан 2024 күні М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң “Биотехнология және Химиялық инженерия” жоғары мектебінің “Химия және Фармацевтикалық инженерия” кафедрасы қазақ ұлттық киімін кию бойынша челендж өткізді және оны “Тоқыма және тамақ инженерия” жоғары мектебіне жолдады.

магистр, аға оқытушы Исабаев Н.Н. «Жалпы химия» пәнінен прес-конференция ашық практика сабақ өткізді.

25.11.2024ж, сағат 14:00, ауд. 301А, тобы ХТ-24-9к8 тобында «Жалпы химия» пәнінен дәріс сабақ тақырыбы: «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыбындағы ашық сабақ оқу бағдарламасы мен тақырыптық жоспарға сай жүргізілді

х.ғ.к., доцент Бекаулова  А.А. «Экстракциялық препараттар технологиясы» пәнінен прес-конференция ашық дәріс сабақ өткізді.

29.11.2024ж, сағат 8.30, ауд. 421А, тобы ХТ-21-9к3, 9к4 топтарында «Экстракциялық препараттар технологиясы» пәнінен дәріс сабақ тақырыбы: «Жаңа галендік препараттар» тақырыбындағы ашық сабақ оқу бағдарламасы мен тақырыптық жоспарға сай жүргізілді

т.ғ.к., доцент Утебаев А.А. «Табиғи дәрілік заттардың химиялық технологиясы» пәнінен  прес-конференция ашық дәріс сабақ өткізді.

07.11.2024ж, сағат 9.35, ауд. 418А, тобы ХТ-21-9к1,9к2 топтарында «Табиғи дәрілік заттардың химиялық технологиясы» пәнінен дәріс сабақ тақырыбы: «Фармацевтикалық технологияның негізгі түсініктері» тақырыбындағы ашық сабақ оқу бағдарламасы мен тақырыптық жоспарға сай жүргізілді

х.ғ.к., доцент Д.Д.Асылбекова «Биохимия» пәнінен прес -конференция ашық дәріс сабақ өткізді.

07.10.2024ж, сағат 8-30  ауд. 220 А, тобы ХТ-22-9к3, 9к4 топтарында «Биохимия» пәнінен дәріс сабақ тақырыбы: «Витаминдер. Витаминдер туралы жалпы түсінік. Витаминдердің құрылымы, жіктелуі және рөлі. Майларда еритін витаминдер. Суда еритін витаминдер» тақырыбындағы ашық сабақ оқу бағдарламасы мен тақырыптық жоспарға сай жүргізілді

2024 жылдың 2 желтоқсанында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың "Биотехнология және ХИ" Жоғарғы мектебінің "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасының аға тәлімгері А.О. Сеитманбетова белсенді студенттермен бірге "Жастар - ел болашағы" атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты - белсенді студенттерді марапаттау, әр студенттің дарынды қасиетін бағалап, құрметтеу. Кафедраның аға оқытушылары Р. Абжалов және А.А. Қадірбеков студенттерге жылы лебіздерін білдірді.
2024 жылдың 11 желтоқсанында "Химия және фармацевтикалық инженерия" кафедрасының оқытушысы Байгулова Роза Усеновна ХТ-22-9к1 тобының ұйымдастыруымен "1 желтоқсан - Халықаралық ЖИТС-пен күрес күні" атты тақырыпта ашық тәлімгерлік сабағын өткізді. Кеш барысында аға тәлімгерлер А.Сеитманбетова, А.Серикбаев және А.Суйгенбаева жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға, тәуелділікке бой бермеуге шақырып, студенттерге алғыстарын білдірді.
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебі, "Химия және Фармацевтикалық инженерия" кафедраасында Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "ХХІ ғасырдағы химиялық технология, биотехнология және фармацевтикалық өндіріс" атты студенттер мен жас ғалымдардың ХХVІ халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Факультетіміздің студенттері мен мектеп оқушылары жасаған ғылыми жұмыстары мен зерттеулерін қорғап, әртүрлі дәрежеделі орындарды иеленіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебі, "Химия және Фаармацевтикалық инженерия" кафедрасының ХТ24-10к1 тобы " 25 қазан Республика күніне" орай тәлімгерлік сағат өтті. Топ тәлімгері: Кадирбеков А.
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебі, "Химия және Фаармацевтикалық инженерия" кафедрасының ХТ24-17к тобы " 25 қазан Республика күніне" орай тәлімгерлік сағат өтті. Топ тәлімгері: Кабылбекова Б.Н.
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебі, "Химия және Фаармацевтикалық инженерия" кафедрасының ХТ24-9к1 тобы "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында тәлімгерлік сағат өтті. Топ тәлімгері: Джакипбекова Н.О.
"Химиялық инженерия және Биотехнология" жоғарғы мектебі, "Химия және Фаармацевтикалық инженерия" кафедрасының ХТ24-10к1 тобы С.Сейфулиннің 130 жыл толуына орай "Сәкен - жырдың саарқылмас дариясы " атты тәлімгерлік сағат өтті. Топ тәлімгері: Кадирбеков А.

Күнтізбе

Желтоқсан 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.