Жаңалықтар
«Үш тұғырлы тіл- жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ашық тәлімгер сағат
- Қаралды: 57
2025 жылдың 20 қазан күні 111А аудиториясында «Бейорганикалық және мұнайхимия өндірістерінің технологиясы» кафедрасының PhD, аға оқытушы Кыдыралиева А.Ш. ХТ-24-13к және ХТ-24-13тк топтарымен ҚР халқы тілдерінің мерекесіне арналған «Үш тұғырлы тіл- жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында ашық тәлімгер сағатын өткізді. Ашық сабаққа жоғары мектеп аға тәлімгері Ә.Қадірбеков, кафедра меңгерушісі Н.Дәуренбек және кафедра аға тәлімгері А.Сарсенбаева қатысты.
Мақсаты:Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін ояту, үш тілдік саясатты дамыту.
powered by social2s







