Жаңалықтар
Бұхарадағы халықаралық олимпиадада "Биотехнология" кафедрасының білім алушылары
- Қаралды: 61
ЕКІ СТУДЕНТІМІЗ БҰҚАРАДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебі, «Биотехнология» кафедрасының білім алушылары 2025 жылдың 21-22 мамырында Бұхара қаласындағы Әбу Әли ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік институтының базасында өткен «Әбу Әли ибн Синаның ілімінен – үшінші жаңғыруға» атты V Халықаралық олимпиадаға қатысты. Жарыс қорытындысымен ғылым жолында ізденісте жүрген студенттеріміз:
Абдезимов Жасұлан Махамбетұлы (ХТ-23-5а тобының 2 курс студенті) 2-ші орын;
Кожамуратов Едил Жалғасұлы (МХТ(1)-24-3нк тобының магистранты) 1-ші орын иеленді.
Жетекшісі – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Алпамысова Гулжайна Байгонысовна.
Білім алушыларымызды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!
powered by social2s