Хакатон 2025 "Жұмысшы мамандықтар қаласы"

    ХТ-22-2к тобының студенттері Құдайберген Б.М., Сәбитхан І.Н., Сатыбалдиев Д.Е. «Жасанды интеллект басқаруындағы химиялық талдау» тақырыбымен «Металлургия және мұнай-газ өнеркәсібіндегі болашақ жұмыс мамандықтары: тарту, біріктіру және бедел» атты Хакатон-2025 байқауына қатысты. Хакатон Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында өтті.
    Қазылар алқасында «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері болды. Бағалау критерийлері: өндірістік тиімділік, ресурстарды ұтымды пайдалану, ЖИ (жасанды интеллект) интеграциясының деңгейі мен қолданылу үлесі, ЖИ енгізу арқылы автономдылық мүмкіндігі және ұсынылған жұмыстың экономикалық көрсеткіштері.
    Біздің студенттер «NeuroNet» атауымен өнер көрсетті. Олар ленталық конвейер арқылы руда үздіксіз берілетін жағдайда растрлық талдау жүйелеріне ЖИ енгізу мүмкіндігін көрсетті. Алайда жұмыстың әлсіз тұсы — бизнес-жоспардың болмауы болды. Бұл аналитикалық құрылғыларға (РЭМ) ЖИ-ді интеграциялау үшін қажетті шығындар мен мүмкін болатын пайда туралы мәліметтердің болмауымен байланысты.
    Қазіргі тенденция көрсеткендей, руда құрамын талдауда адам ресурсын қолдану автономды ЖИ жасауға қарағанда әлдеқайда үнемді әрі икемді. Өйткені ЖИ жасауға уақыт пен қаржы қажет. Біздің ойымызша, бұл технология жерден тыс пайдалы қазбалар өндіру жобаларында қолданыс табады, себебі ғарышта адам ресурсы автоматтандырылған құрылғыларға қарағанда әлдеқайда қымбатқа түседі.
    Нәтижесінде команда мүшелеріне ҚР білім министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың өзі сертификаттар табыстады.
  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті де Хакатон қатысушыларын құттықтап, жұмысты әлсіз тұстарын ескере отырып күшейтіп, келесі жылы жеңіске жетуге тілек білдірді. Осы мақсатта команда құрамына «Басқару және бизнес» пен «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектептерінің студенттері де қосылатын болады.

Күнтізбе

Шілде 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2025 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.