Жаңалықтар
Әріптесіміз Алимкулова Ақмарал Садуакасовна Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды
- Айтбаева Сандугаш Нурлановна
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 37
Әріптесіміз, білікті маман Алимкулова Ақмарал Садуакасовна әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың диссертациялық кеңесінде «Коммерциялық үй-жайларды жалдау шартының ерекшеліктері: теория мен тәжірибе» тақырыбындағы диссертациясын үздік қорғап, «Құқықтану» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алды!
Ақмарал Садуақасқызы, Сізді осынау үлкен жетістігіңізбен, ғылым жолындағы тағы бір биік белесті бағындыруыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы вақытқа дейінгі қажырлы еңбегіңіз бен ізденісіңіздің жемісін көру — үлкен мақтаныш.
Сізге сарқылмас қуат, ғылым әлемінде жаңалықтар ашудан талмайтын қанат, отбасыңызға амандық пен құт-береке тілейміз! Құқық саласының дамуына қосар үлесіңіз әлі де еселене берсін!






